» » » АСАТУ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

АСАТУ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақ халқы ежелден тағамды жоғары бағалап, асты құрметтеген. Ерулік беру, ауыз тигізу, қазан шегелеу секілді дәстүріміз әлі күнге дейін жасы үлкендер санасында сақтаулы. Жадында жаттаулы. Алыстан ат терлетіп, ағайын-туыс жиыла қалса сыбаға жегізу дәстүрі"асату" деп аталады. Тарихқа үңілсек, бұл дәстүр Х-ХІІ ғ.пайда болған екен.
Асату – дәстүрлі тағам мәдениеті. Жасы кішілерге сыбаға ретінде дәм татқызу. Әдетте, мұны жолы үлкен кісілер жасайды. Дәстүрімізде адам ілтипатын білдіретін этикалық рәсім.
 ... Бірде әжем екеуміз қонаққа бардық. Рамазан айының оразасын ұстаған жандар аз емес. Дастарқан басына жайғастық. Ортамызға буы бұрқыраған, кесек-кесек еті мол ас келді. Ағарған да, ыстық сорпа да үстел үстінен табылды. Төребек ақсақал батасын берді. Астан дәм татуды бастап кеттік.
Бір кезде бейтаныс ата маған кесемен ас ұсынды. Айналамдағы кісілер "құлдығаңды"айтып аузыңа салып жібер" – десті. Мен аң-таңмын.
Бағзы заманда "өз несібемді беріңіз, сыбағамды алайын" дегеннің қарасы қалың болған. Осылайша, әдетімізге айналдырған едік. Асату жайлы ұлттық әдебиетімізде де мағлұматтар жетерлік. Мысалы, мұндай халықтық дәстүрді жазушы С.Мұқанов кең насихаттап, қолданып, жалғастырып отырған. Осы ретте белгілі ақын С.Мәуленов былай дейді:
Келіп менің бата алып, көп жасағым,
Өз қолынан Сәбеңнің ет асадым.
Қазіргі кезде асатуда да мән қалмаған секілді. Дегенмен, бұл деген сөз аманатқа қиянат жасағанмен бірдей. Көп жерде жасы үлкен қария сыбағаны өз қолымен береді. Ал кей жерде кесемен асатып жүргенінен хабардармыз. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенінде білмейтіндер жетерлік.

Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ-дың студенті
03 шілде 2019 ж. 4 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031