Рысқұл бақсы

Рысқұл бақсы қазіргі Жалағаш ауданы мен Қармақшы аудандарының арғы ата бабаларының жазда арқаны жайлап қыста сыр бойы Жаңадария бойын қыстау еткен.
Кейбірі Қызылқұмға кіріп кететінді. Тіпті арқа бетте қыстап қалатын байлар да аз болған. Осынау көшпенді ел ақпан айының аяғын ала наурыз айының басында сүйектен өтерлік үскірік аязға, бет қаратпайтын ызғарлы желге қарамастан дариядан мұз арқылы қайта өтуге мәжбүр болатын.
Ертеректе қазіргі «Кемесалған» деп аталатын теміржол бекетінің тұсынан желқайық түскенде оны тек жолаушылар ғана пайдаланатын. Күн ұзақ қайық есіп әбден сілесі қатқан Қоқыш кіші бесіннен өткесін қайығын тоғарып, қосына демалуға кеткен бойы еді. Қуанға қайтып келе жатқан екі аттылы адам ат үстінде тұрып амандасады. Қысқа амандықтан соң орта бойлы, қараторы жас жігіт арғы бетте қатты ауырып (жынданып) қалған адамға көмекке суыт жүріп. Бақсы шақырып келе жатқанын. өзеннен тез өткізіп жіберуін өтініп сұраған. Бірақ әбден титықтаған қайықшы азанға өткізе алмайтынын айтып көнбейді. Қайықшыдан күдер үзген жасы отыздар шамасындағы ұзын сары жігіт сол үндемеген қарай аяңдап кете барады.
Түке түсінбеген жолдасы да соңынан ерді. Даряға түсуден қорықан атын қамшымен тартып –тартып жіберген әлгі ұзын сары дарияны кешіп жүре берді. Ілесе келген жатқан жолдасы іркіліп қалды. Қорқыныштан ба, үрейден бе оның үні шықпай қалған. Бес алты метірдей дария кешкен ұзын сары артына қарайды да «Жүр» деп айқайлап жібереді. Өзінің атақты бақсымен келе жатқаны есіне түскен екінші жолаушы да дарияға түсіп жүре береді. Мына көрніске Қоқыш қайықшы алғашқында тұла бойы қалтырап қорықты. Іле шала қайықа міне сала соңдарынан есе жөнелді. Бірақ жете алмады. Содан соң «Кешіріңдер» деп айқайлайды да жылап жібереді. Ал әлгі екі жолаушының ұзын сарысы Шөмекейдің Өстемір Сарғасқа деп аталатын аталығынан шыққан атақты бақсы Рысқұл Қасқабайұлы еді.
Қармақшы ауданындағы Энгельс атындағы қолхоз орталығынан 10 шақырымдай жерде Бұқарбай, Домалақ деп аталатын екі көл бар. Бұлар ертеректе үйрек ұшып, қаз қонған, тереңдігі 6-7 метр айдын екен. Осы екі көлден 1950 жылға дейін балық ауланған. Алайда, кейін бұл көл кеуіп қалған. Тек колхоз басқармасының төрағасы Б.Сүлейменовтың жанашырлығы арқасында 1990 жылдан бастап оларға су құйылыпты. Осы екі көлден 5-6 шақырым қашықтықтағы «Смайыл» мешітінің айналасында оншақты үй кедейлердің негізгі қорегі жоғарғыда аталған көлдердің балығы екен. Бір жылы қыста жылым ойып жүргендердің сүймені су астына түсіп кетеді. Оны ала алмаған кедейлер 7-8 күн өтісімен ашыға бастаған. Содан соң, ақылдаса келе Рысқұл бақсыға шақырушы жіберіледі. Әрі оның Машау деген қызы осындағы Қаратамыр руына ұзатылған екен. Шақырушы барысымен Рысқұл құда да келе қалды. Барлығы кең үйде бас қосып, қараша үйдің түндігі түріліп тасталады да қобызға ерік беріледі. Көбіне Қорқыт күйлері тартылған. Арасында «Босаға бойлы боз жылан» деген сияқты құйқа тамырды шымырлатар өлең жолдары айтылады. Осылайша бір сағаттан астам уақыт сарнаған бақсы кенеттен қобызды қоя салып, «Таста, таста» деп айқайлаған. Сол кезде шаңырақтан түскен ауыр сүймен оттың ортасына тік шаншыла қадалған. Сүйменнің сырты бір елідей мұз. Сүйтіп қайтадан сүйменді болған әлгі ауыл балыққа қарық болыпты.
Осы елде Әбіл деген жігіттің жеңгесі келіншек болып түскелі бері құрсақ көтермепті. Аға жеңгесінің уайымына ортақтасқан Әбіл бірде бақсыны шақыртады. Сонымен зікір салынады, Бұл жолы аталған үйде бір жарым сағаттай қобыз тартылады. Содан кейін бақсы орнынан тұрып «Бала көтермеген әйелді мылтықпен ату керек, кәні кім атады?» деп сұрайды. Ешкімнің батылы бармаған. Сонда Әбіл шығып, мылтықты жұртың көзінше оқтайды. Ал жеңгесі төрге отырғызылған. Қасына бақсы отырады. Қалған көпшілік екі босаға тұсқа жайғасады. Ал Әбіл болса елу метр жерден төрдегі жеңгесін түрулі есіктен көздеп тұрып, көкіректен атып жіберген. Отырғандардың бір сыпырасы жылап, калима қайтарысады. Бір кезде жұрт естерін жинап қараса, ауру әйел аман отыр. Бақсы алақанын үһілеп қолын күйдіріп бара оқты кесеге төге салған. Сөйтсе әйелге бағытталған оқты бақсы қолмен қағып алыпты. «Әйелде екі түрлі ауру бар, бірін бүгін атып тастадық, біреуін ертең қуамыз!» -деп бақсы жиналғандарды тарқатыпты. Келесі күні зікір бұрынғыша басталыпты. Бұл әлгі әйелдің бір бүйірінен салынған қанжар екінші бүйірінен шығарылыпты. Сонымен не керек, көргендердің айтуына қарағанда сол әйел келер жылы перзенті болыпты. Иә Рысқұл бақсының кереметтері көп болған. «Аққұм» аулында тұрып қайтыс болған баласы Балманның айтуына қарағанда, Рысқұл бақсының өзі шығарған 3-4 күйі болғанға ұқсайды. Солардың бірі «Кешу» деп аталады екен. Сірә ол жоғарғыдағы аталған дариядан кешіп өткен құбылысқа арналған болуы мүмкін. Алайда аталған күйді үйреніп қалған ешкім жоқ. Жоғалған.
20 қыркүйек 2020 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 219

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 326

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930