Сыр сазы

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жерлесіміз сазгер Ляйла Сүйінбаевамен «Сезім сырлары» атты онлайн кездесу өтті. Кездесу кітапхананың әлеуметтік желідегі Facebook парақшасында өтті.
Ляйла Сүйінбаева – Сыр бойына белгілі жырау шежіреші, ұлағатты ұстаз Сүйінбай Ақбаевтың немересі. Мектеп қабырғасында жүріп әуез мектебінің баян класына қатысып, әндер шығара бастаған. 1994 жылы Қызылорда музыкалық колледжіне хор-дирижер мамандығы бойынша оқуға түсіп, қызыл дипломмен тәмамдаған. Мұнан соң, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің жырау, профессор Алмас Алматов басқарған «Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығы бойынша білім алады. Жоғарғы оқу орнының жанынан ашылған «Тұран» халықаралық мәдениет орталығында екі жыл жұмыс істесе, 2008 жылдан бастап қаладағы №6 мектепте музыка пәнінің мұғалімі болады. Балаларды өнерге баулумен қатар, ән шығарады. Әуеліде балалар ақыны Р.Наурызбаеваның «Этнопедагогика» кітабы ұнап, оның өлеңдеріне ән шығара бастайды. Осындай ізденістің арқасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Жаңа леп» балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер байқауында ақын Р.Наурызбаеваның сөзіне жазылған «Тілашар» әні бас жүлдені иеленді. Ал былтыр «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінде вокаль бөлімі бойынша ақын О.Базарәлиевтің сөзіне жазылған «Анашым» әні ІІ орынды жеңіп алса, биыл «Мәңгілік ел болашағы» атты халықаралық байқауда бас жүлдені қанжығалады. Сондай-ақ республикалық «Алаш ұландары» жобасында эстрадалық вокаль номинациясы бойынша «Тілашар» әні тағы да бас жүлдеге ие болды.
Ол О.Әбділдаұлы, О.Базарәлиев,Л.Әбдіхалықованың өлеңдеріне, Р.Наурызбаеваның 25 өлеңіне ән шығарған. Қазіргі таңда 60-қа жуық әні бар. Ляйланың алға қойған мақсаты – әндерін диск және кітапша етіп шығарып, жинақтау. Тікелей эфирге қатысқан оқырмандар сазгерге сұрақтар қойып, өнеріне шығармашылық табыс тіледі.

Гүлжамал ЖАНӘДІЛОВА,
аудандық кітапхананың әдіскері
16 мамыр 2020 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9893)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9892)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9891)

19 мамыр 2020 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031