«Тарих мұрасы» акциясының бағдарламасы Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебінде
«Тарих мұрасы» акциясының бағдарлама негізінде рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың санасына туған еліне, жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру және туған жерге еңбегі сіңген ұлы азаматтардың еңбегімен танысу, үлгі тұту мақсатында 18 мен 24 ақпан аралығында Т. Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебінде апталық болып өтті.
Апталықтың бірінші күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Өмірім - өнерім» тақырыбында жергілікті өнер және мәдениет майталманымен кездесу мақсатында ауданымыздың мәдениет майталманы, бүкіл халықаралық деңгейдегі белгілі жырау Бидас Рүстембековпен кездесу өткізілді. Кеште Бидас ағай өз өмірімен, шығармашылығынан естеліктер айтып, жырдан шашу шашты. Оқушылар ағайдан ғибратты әңгімелер тыңдап, мәдениет майталманының батасын алды.
Екінші күні «Өлкеде туған дарындар» тақырыбы бойынша өңірдегі ақын – жазушы, әнші – термеші, сазгер өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында әндері республикаға танымал сазгер, термеші ұстаз Жарқынбек Тұрымбетовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу аясында Жарқынбек ағайдың шығармашылығымен танысып, оқушылар әндерін бірге шырқады. Сонымен бірге сазгерге сұрақтар қойылып, қызықты естеліктерімен бөлісті.
«Сен мәңгісің – төкпе күйдің тарланы» тақырыбы бойынша апталықтың үщінші күні күй құдіреті – Құрманғазы баба Сағырбайұлының 200 жылдығына орай күй эстафетасы күні ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар күйшінің өмір дерегімен шығармашылығымен танысып, үнтаспадан күйлерін тыңдап қазақ музыка өнерінің қайталанбас қасиетін танып, тағылым түйді. Ұстаздар, оқушылармен бірге Құрманғазы күйлерін орындап, бойларына қуат, жандарына медет, үміттеріне тірек тапты.
Төртінші күн «Өңірдің өнер жұлдызы» тақырыбында аудандық, облыстық, республикалық жетістіктері бар жаңа есімді жинақтау мақсатында өңіріміздің жас жұлдызы, аудан халқының ықыласына бөленіп жүрген әнші құрбымыз Ардақ Ысқақовамен кездесуге ұласты. Кездесуде Ардақ өнерге баулып жүрген шәкірттерімен бірге ән шырқап, өз өнерлерін паш етті. Мектеп басшысы Талғат Қуаңбаев жас өнерпазға алғыс айтып, өнеріне сәттілік тіледі.
Рухани жаңғырудың маңыздылығын оқушыларға түсіндіру, оларды отанды сүюге, қазақ халқының ата – салтын, өнерін, мәдениетін, ұлттық құндылықтары мен мұраларын бойына сіңіру мақсатында өткен іс – шарамыз өз мәресіне жетіп апталықтың бесінші күні «Тарих мұрасы» атты бұрыш ұйымдастырылды. Осы іс – шара арқылы оқушылар бойында тек жақсы қасиеттерді дамытып, патриоттық сезімдерін оятып, өңірдің мәдениеті мен дамуына үлес қосып жүрген өнер майталмандарымен танысты. Олардан мол ғибратты әңгімелер тыңдап, оқушылар рухани байлықтарын еселеді. Осындай іс – шаралар жалғасын тауып, оқушыларымызды жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты етіп тәрбиелеу беру ұстаздың басты мақсаты.

Гүлжаухар Сәденова,
Т.Салқынбайұлы атындағы
балалар әуез мектебінің мұғалімі.
Т.Салқынбайұлы атындағы
балалар әуез мектебінің мұғалімі.