» » » Сырға толы кебеже

Сырға толы кебеже

Аудандық өлкетану мұражайына барсаңыз түрлі жәдігерлерден көз сүрінеді. Менмұндаған құнды заттар сырын ішіне бүгіп жатқандай. Ондағы мыңжылдық экспонаттар сізді өзінің тарихымен қызықтырмай қоймасы анық. Бүгінде мұражайда көненің көзіне айналған кебеже сақтаулы тұр. Музей қызметкерінің айтуынша шамамен 1896 жылы жасалған. Көшпелі заманда ата-бабамыз азықтүлікті сақтау үшін ойлап тапқан дүниенің орнын қазір тоңазытқыш басты. Мұндай жәдігердің енді жұрнағында таппайсыз.

   Бала күнімізде әжеміз сандыққа ұқсас жәшікке сөк, талқан салып қоятын. Енді міне көненің көзін мұражай төрінен көріп отырмыз. Көне кебеженің бір ерекшелігі жасау кезінде бірде-бір шеге қағылмапты. Заманында Шағала есімді ауқатты кісі қызы Әсемді ұзатқанда жасауына арнайы жасатыпты. Сол кездегі шебердің есімі жылдармен жұмбақ болып бізге жетпеген.
Жоғарыда айтып өткендей көшпелі заманда азық-түлік немесе ұсақ заттардың бұзылмай жетуіне қолданған. Жәдігерге қызыға қарап тұрғанымызда музей қызметкері Гүлнар Нұртазаева оның сырымен бөлісті.
   – Қазақ даласындағы бай-шонжарларды кәмпескелеу заманында Әсем осы кебеженің ішіне азық-түлік толтырып, төркініне жіберген. Ағасының қызы Мұнай көзі кеткенше «Әсемнің дүниесі» деп сақтапты. Кебеже бертін келе кейінгі иесі Мұнайдың баласы Темірхан Өмірде болған, – дейді ол.
   Ұстаның аса шеберлікпен жасаған мұндай жәдігерін бірі білсе, бірі білмейді. Кебеженің әлі күнге сыны кетпеген, қолданысқа жарап тұр. Алыстан қазақы ою-өрнегімен көз тартады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
14 сәуір 2020 ж. 1 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031