» » МҰРАЖАЙ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ

МҰРАЖАЙ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ

Елімізде бағзы замандардан бері бізге ата-бабаларымыздан мирас болып қалған тарихи-мәдени мұра құндылықтары мен жәдігерлерін зерттеу­ге, сақтауға және қалпына келтіруге ерекше мән беріп келеді.
Егер бұрын Қазақстан тарихы біртұтас КСРО тарихының құрамдас бөлігі ретінде ғана ұғындырылып келсе, енді оны әлем тарихының, Еуразия, көшпелілер өркениетінің, түркі халықтары тарихының, Орталық Азия елдері тарихының аясында қарастыру жөн деген ұғым біртіндеп қалыптасып келеді.
Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау – абыройлы міндеттің бірі. Қазіргі таңда қоғамымызда мұражай ісіне, мұражай құндылықтарына деген талап пен қызығушылық артып келеді. Отандық мұражай қызметіне, ондағы тарихи-мәдени мұраларға деген сұраныс халықаралық деңгейге дейін көтерілді. Қоғамда мұражайдың тек әлеуметтік емес, тарихи-мәдени мұраларды сақтайтын мәдени-ғылыми институт, ғылыми ақпараттар жүйесінің орталығы, тарихи феномен ретінде маңыздылығы артты, мұражай ісіне деген қоғамның қызығушылығы да өсіп келеді.
Мекеменің қызметінің басты нысаны, яғни түпқазығы – тарихи жәдігер. Мұражай затының мекені, мұражай заты ретінде өмір сүру ортасы – мұражай, оның қоры мен экспозициясы. Қазіргі таңда мұражайдың тарихи деректерді жинайтын, сақтайтын, насихаттайтын мәдени, әлеуметтік мекеме ретіндегі қоғамдағы, білім мен ғылымдағы атқаратын рөлі ерекше. Өйткені мұражай адамзат баласының тарихы мен мәдениетін алғашқы қауымдық құрылыстан бас­тап бүгінге дейін деректер арқылы айғақтап беретін бірден-бір мәдени орталық.
Жәдігер – нақты өмірден алынған, мұражайға қоюға құндылығы бар, қорға тіркелген, ұз­ақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тари­хи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлт­тық құндылықтың бір құрамдас бөлігі. Жә­дігерлер – бүкіл мұражайдың қызметін, оның ба­ғыттарын, жоспарын жүзеге асыратын не­гіз. Аудандық мұражай қорында сақтаулы тұрған жәдігерлердің тәуелсіз мемлекет үшін, болашақ ұрпақ үшін ғасырлар үндестігі, білім мен мәдениет жалғастығының құралы ретіндегі құндылығы мен маңыздылығы аса жоғары. Яғни, мұражай қорын тарихи дерек тұрғысынан зерттеу, насихаттау, сақтау мен қорғаудың мәселелері қоғам үшін өзекті. Мұражай қорына тек өткен өмір тарихына қатысты мұражайлық деректер ғана емес, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихынан дерек беретін материалдар да қойылуы және жиналуы тиіс. Құндылығы жоғары экспонаттарды дер кезінде қорғау,  жинау, зерттеу және оларды сақтау жұ­мыстарын ұйымдастыру оның шынайылығын сақтаудың кепілі болып саналады.
Аудандық мұражай қорында этнография саласы бойынша бірнеше құнды экспонаттар сақталған.
Гүлмира ӨТЕГЕНОВА,
 Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.
06 маусым 2019 ж. 4 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 473

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031