» » » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

Тіршілікте жүрген-тұрғанына, адамдармен сөйлесіп-пікірлескеніне дейін айналасына тәлім-тәрбие шуағын шашып тұратын адамдар болады. Бәлкім олар кез келген ортада ақтарылып, ішкі иірімдерін кеңінен көрсете бермес. Бірақ, көпті көргені, өзгенің ой-пиғылын қапысыз тануы, өмірде болып жатқан құбылыстарға салмақтылықпен байыпты баға беруі, маңайындағыларды бір қалыпты болуға баулуы ондай жандарды өзгелерден гөрі биік тұғырдан байқатады. Осындай жандардың бірі де бірегейі туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азамат, халқының қалаулысы атанған білікті басшы – Әнуарбек Дәуленбаев.
1958 жылы Қармақшы ауданындағы Ақтөбе аулында дүниеге келіп, сол ауылдағы №109 орта мектепте білім алған Әнуарбек 1975-1981 жылдар аралығында Қызылорда политехникалық техникумында, 1988-1994 жылдары Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтында, ал 2006 жылы Бағалау және құрылыс академиясында жоғары білім алды. Ол 1976-1978 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, алғашқы еңбек жолын туған жері Чапаев атындағы ұжшарда техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып бастады.
Күнделікті шаруашылық жұмыстары адамдардың тәрбиесімен, кадрлардың кәсіби, адами тұрғысы жағынан өсуімен тығыз байланысты. Халық арасында тығыз байланыста жүріп, еңбекпен шыңдалған жас маман жылдар өте аудан басшылығының назарына түседі. Жас та болса бас болып ұжымдастары алдында абыройға кенелген Әңкең 1988 жылы аудан басшылығының шешімімен аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы болып тағайындалады.
Міне, өзінің біліктілігі мен білімін ұштастыра білген, тәжірибелі сала мамандарымен тығыз байланыс­та еңбек ете жүріп, ізденімпаздығымен және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаруының арқасында ол 1991-1992 жылдары аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалса, 1992-1994 жылдары «Бесаспап» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, ал 1994-1998 жылдары Ақай кеңшарының директоры қызметтерін абыроймен атқарады.
Расында да, бүгін шешуге болатын істі ертеңге қалдырмау оның басты ұстанымы болды. Қайта құру кезеңіндегі қиыншылықтарға төтеп беріп, алға жылжыды. Іскер басшыға атқарған еңбегінің бағасы қашанда қымбат. Бәрінен де қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуіне өзінің өн бойындағы біліктілігі мен қажыр-қайратын аяған жоқ.
Міне, туған елінің өркендеуі жолында халық құрметіне бөленген Әнуарбек Дәуленбаев 1998 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан-Ресей халықаралық университеті Байқоңыр филиалының директоры, ал 2004 жылдан бастап академик С. Жиенкұлов атындағы Байқоңыр колледжінің директоры қызметінде аймағымыздың білім беру жүйесінде өңір жастарының техникалық мамандық алуына зор еңбек етіп жүрген азамат.
Майталман маман өзі басқаратын оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтып, жастардың сапалы білім алуына толық жағдай жасаған. Тіпті, оның азамат ретінде колледжде білім алып жүрген тұрмысы төмен және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға жеңілдіктер жасауы, оның қайтарымсыз көмектерінің бірі ғана. Осындай жауапты қызметтерде азаматтың қайраткерлік позициясы, шебер ұйымдастырушылық таланты жарқырап көрінеді.
Ә.Дәуленбаев жалпы техникалық мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің профессоры, ҚР Ұлттық машина жасау және көлік ғылым академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Оның әрбір іс-әрекетінің салмақты да салиқалылығы, ойлау қабілетінің кеңдігі, негізгі мәселені жеріне жеткізіп, жоғарғы деңгейдегі тиісті органдар алдына қоя білген және қажетіне қарай дәлелдей білуі – басқарушылық қабілетінің ерекшелігі болып табылады.
Әділ, кемшілікке төзгісіз басшы 2008-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, ал 2015 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді. 2016 жылдан бері Қармақшы, Байқоңыр аймағы бойынша «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры қызметін атқарады. Облыстық және аудандық қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Міне, осындай атпал азаматтың негізгі ұстанымы – халықтың мүддесі. Сондықтан да ол әрдайым мүмкіндіктерді қарастыра отырып, көтерілген мәселелерді құзырлы органдарға өткір қоя алады. Осындай бағалы пікірлері мен ұтымды ұсыныстарымен елдің мүддесін қорғай білетін азамат бес рет аудандық және VI шақырылымда облыстық мәслихат депутаты болып, халықтың қалаулысы атанды.
Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарының мұң-мұқтажы туралы мәселелерде және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, әсіресе білім саласына қатысты мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап, оң шешілуіне ықпалын тигізіп отырады. Өңір жастарының білім алуы мен заман талабына сай өсіп жетілуіне сүбелі үлес қосуда. Өзі басшылық жасайтын ұжымдағы шәкірттері оның еңбексүйгіштігіне, тиянақты да ұқыпты ісіне қашанда тәнті.
Әнуарбек Дәуленбаев өзіндік бедел мен құрметке ие тұлға. Ол екі рет Ел Президентінің Алғыс хатымен, Ресей Федерациясының «Байқоңыр қаласына –50 жыл», «Жердің жасанды жер серігінің ұшырылғанына – 60 жыл», Байқоңырға – 55 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20, 25 жыл», «Қазақстан маслихаттарына – 20 жыл» және Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл» медальдарымен, «Байқоңыр ғарыш айлағының ардагері» және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», сондай-ақ «Нұр Отан» партиясына белсенді қызметі үшін» төбелгілерімен, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының құрмет грамотасы және алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Осыншама марапат пен алғыстардың артында қуаныш пен қиыншылықтың жатқаны жасырын емес.
Халық қалаулысы Әнуарбек Дәуленбаев қашанда халық игілігі үшін еңбек етіп келеді. Білім беру саласының да дамуына келелі үлес қосқан депутат рухани жаңғыруымыз бен тарихты таразылау бағытында да өлшеусіз тер төгуде. Үлкен өмір мектебінен өткен, өмірде қайталана бермейтін өзіндік орны бар азаматтың кемеліне келген, нағыз толысқан кезінде елге бергенінен берері көп қайраткерлігіне сенімдіміз.
Иә, бүгінде Әнуарбек Дәуленбаев жары Гүлнар Қасымбекқызымен бірге үкілеп өсірген 5 баладан тараған 9 немеренің сүйікті атасы атанып отырған бақытты жанұя ардақтысы.
Гүлжауһар РАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты.
27 ақпан 2018 ж. 2 020 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031