» » » Латын әліпбиі және ұлттық код

Латын әліпбиі және ұлттық код

Ұлттық код дегеніміз – ұлттық қасиет, оның мәдениеті, әдебиеті. Ең бастысы, ұлтты ұлт ететін ұлттың жаны, ұлттық коды – тілі. Қазіргі қазақ қоғамында қазақ тіліне бетбұрыс өте жақсы. Ата-аналар өздері қазақша білмесе де балаларын қазақ тілді мектепке беріп жатыр. Білім беру мекемелерінде Елбасы берген тапсырма бойынша үш тілде сабақ беру жүйесі енгізіліп кетті. Президент 2006 жылы Қазақстандықтардың үш тілді білуі керектігін айтқан еді. Бірақ қазақ тілі үш тілдің бірі емес, ол – негізгісі Һәм маңыздысы, ол мемлекеттік тіл екені де баса айтылды.
Ұлттық кодтың жиналатын, сақталатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қоры да, қазынасы да, тасымалдаушысы да оның осы тілі. Ендеше, тіл – біздің барымыз. Сондықтан жаһандану тұсында ақпаратпен, киномен, тұтынатын тауармен, музыкамен, біліммен, қазақ еліне келіп жатқан барлық құбылыстар мен құралдардың баршасында тілдік деректер бар дейтін болсақ, онда олар қазақтың санасына орнығып та жатыр. Әл¬бетте, шетелден келген дүниелер тартымдылығы, қызықтылығы жағынан елімізде өндірілетін сондай заттардан немесе басқа да ақпараттық дүниелерден артық болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, жастарымызды баулиды. Ол біздің санамызға, сезімімізге күн сайын мысқалдап енеді. Содан күндердің күнінде өзінікінен айнитын, өзгенікін жоғары қоятын ұрпақ қалыптасады.
Әлем халықтарының 80 пайызы латын графикасын меңгеріп, игілігіне пайдаланып, әлемдік ақпараттың 70 пайызын осы таңбамен таратуда. Қазіргі таңда әлем халықтарының ішінде латын әліпбиін пайдаланатын халықтар саны 1,5-2 миллиардқа жуық. Кириллицаны ұстанып отырғандар 300 миллионды құрайды. Сондықтан Қазақ елі білімнің, ғылымның, IT технологияның төріне, өркениеттің өріне жетелейтін төте жолға түсуі керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланса, қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің 22-сі латын әліпбиін пайдаланады, ең мықты экономикасы бар 10 мемлекеттің – 7-еуі, әлемдегі ең бай 20 мемлекеттің 18-і латын әліпбиін тұтынады. Дүние жүзінде бизнес жүргізуге ең қолайлы 30 мемлекеттің 25-і де латын әліпбиін қолданушы елдер.
Тағы бір дәйек, 2005-2015 жылдары 12,5 миллион мақала шыққан екен, соның 55-75%-ы латын қарпінде жазылыпты. Ең көп сілтеме жасалатын ғылыми мәтіндердің 61 пайызы латын, 2,7 пайызы кирилл қарпінде екенін ғалымдар мен сарапшылар алға тартып отырғаны қай-қайсымызды да ойландырса керек. Сонымен бірге физикадағы бірліктер жүйесі, химиядағы элементтердің периодтық жүйесі, математикадағы, географиядағы, биологиядағы және тағы да басқа ғылымдардағы таңбалар, шартты белгілер осы латын әліпбиінде. Ендеше, қазір оқып жүрген оқушылар мен студенттер бұл әліпбиді жақ¬сы біледі. Мектептің өзінде оқушыға латын әліпбиінің таңбалары күнделікті бірнеше пәнде кездеседі. Ересектерге келсек, біз де химияны, физиканы, математиканы оқыдық, яғни бұл әліпби бізге де бейтаныс емес.
Оған қоса, латын әліпбиі көшелер мен дүкендердегі жарнамаларда, тауарларда тұр. Қалтамыздағы құжатымыз да, телефонымызға күнделікті дерлік келіп жатқан ауа райы туралы мәліметтер де тағы тұр. Тұрмысымызда тұтынатын техникалық заттардың барлығы шетелдікі, ендеше оларда да латын жазуы – негізгі жазу. Айналып келгенде, латын таңбалары біздің тұрмыстық және қоғамдық өмірімізге әлдеқашан енген. Сондықтан ол қазаққа жат, тосын жазу емес.
Қазір әлемдегі түркі халық¬тарының саны шамамен 200 млн дейтін болсақ, солардың 55,5 пайызы латын әліпбиінде, 25 пайызы араб жазуында, 17 пайызы ғана кирилл таңбасында, қалғандары әртүрлі әліпбилерді қолданады екен. Өз алдына дербес Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты мемлекеттер болса, соның екеуі ғана, яғни біз бен Қырғызстаннан басқасы латын әліпбиінде. Алтай, Башқұртстан, Қабарда-Балқар, Қарашай-Шеркеш, Татарстан, Тыва, Хақас, Чуваш, Якут сияқты автономияларға кінә қоя алмайсыз, өйткені олар Ресейдің ішінде. Қалған түркі халықтарының автономиялық құрылымдары жоқ, олар әртүрлі мемлекеттердің ішінде жүр. Молдованың құрамындағы Ғағауыз автономиясы латын әліпбиіне көшкен.
Енді жаңа әліпбиді үйренуге келейік. Әлбетте, қоғамдағы мемлекет тарапынан жасалатын реформаның қайсысы болсын көпшілікті ойландырады. Бұл – табиғи, қалыпты жағдай. Елбасы бекіткен әліпбиде 32 әріп бар. Солардың жиырмаға жуығы бәрімізге белгілі әріптер. Белгісізі үштен бірі ғана. Ендеше, осынша әріпті үйреніп алуға әбден болады ғой. Бұл арада мәселе ниетте және оған үлкен мән берушілікте. Мұндай мән берушілік әр қазақтың елшіл санасымен тікелей байланысты. Себебі жаңа әліпбиге көшу – Қазақстанның болашағымен сабақтас. Егер Елбасы бастамасы болашақпен сабақтас болатын болса, онда біз неге 10-15 әріпті үйренуге уақытымызды бөліп, шын ниеттеніп, келешегіміздің қамын ойламасқа?! Барлығы санамызды даярлауда. Бабамыз әл- Фарабидің: «Дүниені өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер», деген даналық сөзінің мәнісі де осы емес пе?!
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады. Бұған мысалды әлемдік тәжірибелерден күнделікті жақсы аңғарып жүрміз. Оның мемлекетіміздің елдігін сипаттауға, ешкімге еліктемей, ұлттық кодымызды одан әрі нық қалыптастыруға да септігін тигізері кәміл.
Қармақшы аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы
Наренов Ермек Әмірғалиұлы
11 ақпан 2020 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031