«Шыңырауда» шындық бар
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындысы – «Шыңырау» фильмі Әбіш Кекілбайұлының осы аттас повесінің желісі бойынша түсірілген. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша таспаланған картинада құдық қазушы Еңсептің оқиғасы баяндалады.

Режиссер киноға колоритті жаңа кейіпкерлер мен сюжеттік желілерді қоса отырып, жазушының шығармадағы түпкі ойынан ауытқымайды, керісінше оны барынша аша түскені байқалады. Фильмдегі аруақтарға зиярат ету мен Маңғыстаудың жерасты мешіттеріндегі эпизодтар, күн батып бара жатқандағы көріністер көрерменге ерекше әсер етеді. Осы туындыны көргенде батыс өңірдегі жерасты мешіттеріне баруға құштарлық оянатыны сөзсіз.
Фильм әлеуметтік теңсіздік, тіршілік үшін өте ауыр еңбек тақырыбын қозғай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән қасиеттерді көрсетеді.
«СБ» ақпарат.