» » » Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген фильм халықаралық фестивальге қатысады

Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген фильм халықаралық фестивальге қатысады

Жәнібек Жетіруовтың «Шыңырау» атты көркем фильмі Халықаралық «Фаджр» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады.
Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Фестиваль 2019 жылы сәуірдің 18-26 аралығында Иранның астанасы Тегеранда өтеді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
Fajr International Film Festival (FIFF) Иран киносының дамуына үлкен әсер тигезетін, басқа елдермен мәдени алмасуға ықпал ететін ірі кинофестиваль. Негізі 1982 жылы қаланғалы бері фестивальдің қазылар алқасы қатарында әлем кинематографының белді тұлғалары - Фолькер Шлендорф, Кшиштоф Занусси, Бела Тарр, Агнешка Холланд, Андрей Звягинцев және Рүстем Ибрагимбеков болған.
Әбіш Кекілбаевтың повесі «Шыңыраудың» желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.
«Фильм тек кинофестиваль талаптарына ғана емес сонымен қатар көрермендердің де көңілінен шығатынына сенімдімін. Себебі фильмге арқау болған тақырып тың және құпия мен сырға толы касиетті Маңғыстаудың ғажайып табиғаты шығарманың бояуын қанықтырып, оған терең астар жүктеді. Биыл еліміз қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалып жатқанда фильмнің осындай халықаралық кинофестивальдерге қатысуы жазушының творчествасына берілген зор баға және біз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын», - деді фильмнің режиссері Жәнібек Жетіруов.
Еске салайық, аталған фильм Бангладештің Дакка қаласында өткен XVII ХКФ үздік операторлық жұмыс номинациясы бойынша жеңіске жеткен.

03 сәуір 2019 ж. 1 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930