» » » «Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінде жеңіске жетті

«Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінде жеңіске жетті

«Әміре» фильмі 23-28 қазан аралығында Лос-Анджелесте өткен Hollywood Film Festival халықаралық фестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық фильм байқаудың бірінші кезеңінде Silver Screen Award жүлдесін алған болатын. «Достар! Біздің «Әміре» («Paris Song») 1 орынға лайық деп танылып, Hollywood Film Festival кинофестиваліндле қазылар алқасының жоғары бағасын алды», - деп жазды бүгін әлеуметтік желіде актер Санжар Мәди.
«Сүйінші! «Әміре» фильмінің шығармашылық ұжымын жеңісімен құттықтаймын! Қазақстандық кинематографияның әлемдік аренаға сенімді әрі жиі шығып отырғанына қуаныштымын. Бұл - үлкен әрі даңқты жолдың бастамасы екеніне сенем! Ақ жол», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Қазақтың аты аңызға айналған теноры Әміре Қашаубаев туралы кинолентаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «Darplay» компаниясы бірлесіп түсірген.
inform.kz
28 қазан 2018 ж. 1 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 050
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 717

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031