» » » Ақ домбыра қолға алып

Ақ домбыра қолға алып

Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің 6 сыныбында оқитын Арай Оңғарқызы 6 жасынан қолына домбыра ұстаған. Қаршадай қыз үлкен сахнаға аяқ басқалы 5-6 жыл болғанымен, дәстүрлі орындаушылардың республикалық және халықаралық байқауларында жүлде алып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерді. Шынашақтай қыздың шежіреден сыр тартқан мақам-сазы өзіндік ерекшелікке толы. «Тасберген жырау»  үйірмесіне келген кішкентай Арайдың талантын танып, сахнаға шығарған Зәуре Кәрібаева.  Бүлдіршіннің қанатын қомдаған да осы кісі. Сыр сүлейлерінің сара жолын жалғаушы толғау-термелерді ғана емес, әйгілі «Көрұғлы» дастанын да көмейінде құйқылжыта жырлайды. Ол 8 жасында Алатаудың баурайындағы әсем қалада Елбасының алдында өнер көрсетіп, ақын  Айдос Рахметовтің «Елін сүйген Елбасы» туындысын орындады. Талабына риза болған Нұрсұлтан Әбішұлы батасын беріп, домбыра сыйлады.
–  Бұл домбыра – мен үшін ең үлкен сыйлық. Елбасынан бата алу екінің біріне бұйырмайтын бақ, – дейді жыраулар ауылының титімдей жыршы қызы.
14 желтоқсан 2019 ж. 1 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 129
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031