» » » "Қас қағым сәт..."

"Қас қағым сәт..."

zhasalash.kz Қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінде фотожурналист Сайлау ПЕРНЕБАЕВТЫҢ 80-жылдығына орай «Қас қағым сәт...» атты фотокөрме ашылды.
Көрмеде туындыгердің таңдаулы фотосуреттері жұртшылық назарына ұсынылды. Атаулы шараға қоғам зиялылары қатысып, естелік әңгімелері, жылы лебіздерімен бөлісті. Сондай-ақ, шараға Сайлау Пернебаевтың отбасы мүшелері де қатысты.
Әке мұрасын жинақтаушы, Сайлау Пернебаевтың қызы Айнұр Сайлауқызы:
"Әкеміз осынау өнердегі жолын 65-ші жылы бастаған. Әкеміз 14-жастан шахтыда жұмыс істеген. Сол жерге Ленинградтан тілшілер келген. Ал әкем әуесқой суреттерді түсіріп жүрген еді. Сол кезде әкем өзінің зеректігімен, қағылезділігімен көзге түседі. Айта кететін жайт Тәуелсіздік тұсында Елбасы иннагурациясын түсіруге алғаш рұқсат құжатын алған фотокорреспондент Сайлау Пернебаев. Мемлекеттік маңызы бар сәттердің басында өзі жүріп, бүгінгі таңда тарихи жәдігерге айналған суреттерді дүниеге әкелген", - дейді.
Сондай-ақ «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Асылхан ӘБДІРАЙЫМҰЛЫНЫҢ атаулы датаға орайластырып, «Ақ пен қара» атты фото жинақтың алғашқы басылымдық нұсқасын көпшілік қауымға таныстырды. Фото жинақ Сайлау Пернебаевтың фотосурет қорындағы үздік туындыларынан құралған.
Сайлау Пернебаев Қазақстан Журналистер одағының және Республикалық комитетiнiң сыйлығымен бірнеше мәрте марапатталды. Ғұмырының 40 жылдан астамын осы салаға арнады.


20 қазан 2019 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031