» » » Жеңістің тірі куәгері (видео)

Жеңістің тірі куәгері (видео)

qarmaqshy-tany.kz Ауданда Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері - Қуанышбай Бейсенбаев тұрады. Бүгінде ол - 95 жаста. Халықаралық қарттар күнінде қазыналы қарияға үзілмес үрдіске сай құрмет көрсетілді. 
– Соғыстың аты – соғыс. Онда аяушылық болмайды. Сен жауыңды атып түсiрмесең, ол сенi атып түсiредi. Өмiр үшiн жан алып, жан бересiң. Хайдар қаласында құрамында 60-70 адамы бар бiр рота сыртымыздан оқпен атқылады. Қасымыздағы 2 жiгiт сол шайқаста өлім құшты. Әскери тәртiп қатал. Алланың бұйрығы болар, ұрыс даласында жарақат алмадым. Талай күндi аштықпен  өткiздiк. Соғыстан кейiн де өмiрiмiз керемет болды деп айта алмаймын. Соғыстың зардабынан ел қалжыраған, шаршаған еді. Сонда да өмір үшін күресіп, алға қадам бастық. Бейбiт аспанның қадiрiн ешқашан ұмытуға болмайды, – дейдi бүгінде тоқсанның төртеуіне келген Қуанышбай ақсақал.

Суретте соғыс ардагері мен аудан басшысы Мұса Қалдарбеков,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов
(сурет Қ.Тайбағаровтікі)

04 қазан 2019 ж. 1 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 210
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30