ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
Жолдың жайын жүрген біледі. Йә, өңірдегі жол жөндеу жұмысы қарқын алған. Мәселен,
Көмекбаев ауылындағы Балқы базар көшесінің 0,8 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5 млн теңге, Қуандария ауылындағы Қуандария көшесінің 0,8 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7,7 млн. теңге, Алдашбай ахун ауылындағы Шегебаев көшесінің 0,9 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6,3 млн. теңге, Дауылкөл ауылындағы Т.Ізтілеуов көшесінің 0,8 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5,6 млн. теңге, Ақжар ауылындағы М.Мәметова көшесінің 0,85 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6 млн. теңге, Ақтөбе ауылындағы Сералиев көшесіне 1,4 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 27,7 млн. теңг, Иіркөл ауылындағы Қазақстан көшесінің 1 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7 млн.теңге. «Самара-Шымкент-Иіркөл» автомобиль жолына 5,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 162,9 млн. теңге, «Самара-Шымкент-Жаңажол» автомобиль жолына 6,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 213,6 млн. теңге, «Самара-Шымкент-Төретам» автомобиль жолына 2,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 71,9 млн. теңге, «Самара-Шымкент-Төребай би» автомобиль жолына 23 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 408,8 млн. теңге бөлінді.
Пікір 8 802