» » » ҚАРЫМЫ БӨЛЕК – «АЙҚАРАКӨЗ»

ҚАРЫМЫ БӨЛЕК – «АЙҚАРАКӨЗ»

Қазақ – аса мәдениетті халық. Сыпайылық сақтаған. Оның бұл қасиеті – би өнерінен көрінеді. Даланың кеңдігі, көңілдің пәктігі қозғалыспен өрнектеледі. Қазақ өнері үшін бидің қашан да орны бөлек болған.
Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Айқаракөз» би тобының құрыла бастағанына биыл үшінші жыл. Құрамында – 14 бишісі бар. Топқа кәсіби хореограф Сәния Молдабаева жетекшілік етеді.
Осы кезге дейін айтулы топтың бірқатар жетістікті еңсерді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткен «Таңғы шұғыла» атты республикалық өнер жарысында, сондай-ақ ауданда ұйымдастырылған «Тал­шыбық», «Бейбітшілік әлемі» атты халық­аралық байқауында бас жүлдені қанжығаласа, Байқоңырдағы «Все краски танцы» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен би жарысында ІІ-ІІІ орындарды иеленген. Өткен жыл топ үшін аса сәтті болды деуге негіз бар. Өйткені, айтулы топ қатысқан қай жарыс та жеңіссіз емес. Соның бірі – Қызылордада өткен облыстық «Бозторғай» фестивалі. Мұнда да бишілеріміздің асығы алшысынан түсіп, «Көрермен көзайымы» номинациясына лайық деп танылды. Топ мүшелері аудан әкімінің қабылдауында болып, сый-сияпат алды.
Бүгінде «Айқаракөздің» репертуарында «Еркем», «Аққу», «Қуыршақтар», «Пеппи», «Көкке өрле», сонымен қатар, заманауи және өзге де ұлттардың билері бар.
Би тобы үшін тағы бір үлкен жаңалық – жақында ғана Қызылордада  ұйымдастырылған «Нұрлы жастар» республикалық жасөспірімдердің өнер бай­қауында «Хореография» номинациясы бойынша «Айқаракөз» би тобы жеңімпаз атанды. Гран-при иегерлері І дәрежелі диломмен марапатталып,  байқаудың лауреат атағын алды. Енді топ үстіміздегі жылдың 20-21-сәуірінде Алматыда өтетін «Нұрлы жастар» ІІ халықаралық өнер байқауында Сыр елінің намысын қорғайды.
– Би тобын осындай деңгейге жеткізген Сәния апайымызға, сонымен қоса, қыздарымыздың өнерге деген қызығушылығына қолдау көрсеткен аудандық мәдениет үйінің директоры Арнұр Көшенейге шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектері жемісті, абыройлы болсын, – дейді ата-ана атынан лебіз білдірген Бағила Несіпбаева мен Балхия Исмағұлова.         
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
15 сәуір 2019 ж. 1 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 662
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031