Құрылтай

ӘНМЕН ӘРЛЕДІ

Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай жастарды пат­риоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақ­сатында Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мек­тебінде «Өнерім – өмірім» атты кеш өтті.


Мектеп басшылығы ұйымдастырған өнер кешінде Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік кон­серваторияның 2-курс студенті Жансая Пірназарова, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың түлегі Руслан Өтегенов, Қазанғап атындағы музыкалық колледждің студенттері Индира Бопажаева, Нұрислам Ахметов, Мадияр Жасаңбаев, Нұршат Қылышбаева, Мөлдір Жаңаберген, Мөлдір Асылбекова, Оспан Әлтаевтар шетел және қазақ композиторларының шығармаларын, күйлерін орындап, өнерлерін ортаға салды. Құдыреті күшті музыка әлемі көрерменнің жан дүниесін тебіренткені сөзсіз. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай-ақ, мектеп директоры Талғат Қуаңбаев студенттерге ризашылығын білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Бағдагүл МӘДЕНОВА,
аудандық әуез мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
28 қаңтар 2019 ж. 1 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 605
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 068

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31