Ақынға тәу етті

Әр елдің өз тарихы, өз тұлғалары болатыны белгілі. Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының ауқымдылығы әр күн сайын артып, айшықталып келеді. Ел дамуының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан атпал азаматтардың өнегелі өмірі мен қалдырған ізгілік іздеріне көз жүгірту бүгінгі ұрпақ еншісіндегі дүние екендігі даусыз. Еңбекпен есейген еңселі тұлғалардың, абырой мен беделінің биіктігіне ұшар шыңның басына тамсана қарайсың, мәрттігі мен мырзалығына, бектігі мен тектілігіне тұрасың...


«Ел болған соң ер туғызбай қой­майды» дегендей, қалың қазақ жұрты арасында жаны таза, сөзге жүйрік, жаны жайсаң азаматтар аз емес, яғни, өмірден өткенімен, өрелі де, өнегелі ісі арқасында ұрпағының жадында, халық­тың көңі­лінде сақталып қалған аяулы азаматтар қаншама десеңізші?! Тарих көші алға жылжыған сайын өткен ұр­пақ­тың өнегелі тағдырына терең үңіліп, зерделеп, олар туралы жаңаша ой түйіп, құрмет көрсету-келер ұрпаққа үлгі ету көргенді елге тән қасиет. Осы мақсатта Төретам кентіндегі №85 орта мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында есімі тек Қармақшы жеріне емес, Сыр бойына танылып, қазақтың белгілі азаматына айналған ақын Мұхамбетқали Шыңғысовтың 90 жасқа толған мерейтойына арналған «Өмірде өшпейтін із қалдырған Қали ақын» атты танымдық кеш өтті.

Жиынға ақынның ұрпақтары ұлы Бағлан Айдынәлиев, қыздары – Жания мен Жамал Шыңғысова, «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр филиалының бірінші орынбасары Бақытбек Бекпанов, Төретам кенті әкімшілігінің кәсіпкерлік және жастар маманы Айгүл Әбішева, «Жәрімбет» мешітінің бас имамы Әлішер Ақбаев, ардагер ұстаз Дәріқұл Махамбетов, «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр филиалының басшысы Индира Қабатова қатысып, кеш барысында «Дара жол» бағдарламасы алаңында түрлі сұрақтарға жауап беріп, қатысушылармен тағы­лым­ды пікір өрбітті. Ақын Қали Шыңғысовтың 90 жылдық мерейтойына арналған аудандық байқауының жеңімпазы Әсел Сабырбаева «Медбикенің монологін», ІІ орын жүлдегері Рахат Төрежан «Бір дүмшенің намазын» және алғыс хат иегері Ақбота Сарбалаева «Қорқыт әулиеге шағым» монологін оқып, көрер­меннің ризашылығын алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзал Орынбасаров ақынның «Анама» термесін айтып берсе, мектеп директоры Шаттық Шыңғысова мен әуез пәнінің мұғалімі Болат Ескебеков «Неге екенің білмеймін?» атты әнін нақышына келтіре орындап, көрермендер көзайымына айналды.

Жұлдызай ТІЛЕУОВА,
№85 орта мектеп мұғалімі,
Төретам кенті.
26 қараша 2018 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 208

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930