» » » Ұлтымыздың салт-дәстүрі Бейжіңдегі көрмеде таныстырылды (видео)

Ұлтымыздың салт-дәстүрі Бейжіңдегі көрмеде таныстырылды (видео)


Қазақтың салт-дәстүрі, ғажайып табиғаты «Көркем әлем» халықаралық мәдени көрмесінде таныстырылды. Бұл күндері Қытай астанасы Бейжің қаласында «Көркем әлем» халықаралық мәдени көрмесі өтіп жатыр. Оған әлемнің 30-ға жуық мемлекеті қатысуға келген. Шараның мақсаты мәдени алмасуды арттырып, туристерді түрлі елдерді таныстыруға бағытталған. Әр мемлекет өзінің төл мәдениетін, ұлттық өнімдерін ұсынды. Қазақстан да бұл шарадан қалыс қалмады. Қытай астанасындағы ауқымды көрмеде өз павильонын құрды. Өнерімізді насихаттады. Елімізді жақыннан таныстыру үшін дәмді тағамдар ұсынып, естелік сыйлықтар таратты. Туристерді Астананың көркем суреттерімен, Бурабайдың таңғажайып табиғатымен баурады. Дин Яюнь, Бейжің тұрғыны: - Мен Қазақстанмен көршілес жатқан Шыңжан өлкесінде туғанмын. Бірақ қазақ елі туралы осы жердегі павильонда жақсырақ таныстым. Ғажайып табиғат, әсем Астананы тамашалап саяхаттап барсам ба деген ой келді.
29 қазан 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 716
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31