Украинада дәстүрлі «АГРО-2018» көрмесі өтіп жатыр
Киев қаласында дәстүрлі «АГРО-2018» көрмесі өтіп жатыр. 27 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан аймақтағы ірі агроөнеркәсіптік көрмесіне әлемнің 15 елінен 1300 компания қатысып жатыр. Жыл сайын жаз айының басында ұйымдастырылатын іс-шараға Қытай, Германия, Польша, Франция, Италия, Австрия және Украина елінің ауылшаруашылық саласында үлкен сұранысқа ие үздік көліктері, комбайн мен тракторлары қойылды. Айталық, Швейцария елінің SKIF 280 астық жинау комбайны қазіргі күні Қазақстанда да құрастырылатын болған. Биылғы көрмеде бұл көліктің жаңартылған нұсқасы көпшілік қауымға ұсынылып, оның жаңа мүмкіндігі таныстырылды. Жалпы көрмесінде әлемнің әр елінен келген ауылшаруашылығы саласының үздік компаниялары тың технологияларын ұсынып, агротехникалардың мүмкіндігімен таныстырады. Михаил Кулик, астық жинау көліктерін сату бойынша аймақтық директор: – SKIF 280 астық жинау комбайны Қазақстанның «Қазтехмаж» зауытында құрастырылады. Бұл көлік аймақта үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі көрмеде біз техниканың жаңартылған, бесінші кластағы нұсқасын ұсынып отырмыз. Мұндай астық жинау комбайны Қазақстан сияқты ауа райы құбылып тұратын аймақта қолдануға қолайлы.
24.kz