» » » САЛТТЫ СӘУЛЕШЕ СҮЮ

САЛТТЫ СӘУЛЕШЕ СҮЮ

Ұзақ жыл бала бойына білім нәрін сеуіп, өнерге баулып келе жатқан ұстаздың бірі – Сәуле Сериева. Ол аудандық оқушылар үйінде 20 жылдан бері абыройлы еңбек етеді. «Креатив» үйірмесіне жетекшілік ететін ол шәкірттеріне салт-дәстүр мен ұлттық болмысымызды сіңіруден еш жалыққан емес.

Сәуле Абдулдақызы Арқалық педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» факультетінің түлегі. Оның білім саласындағы ұстаздық жолы 2000 жылы оқушылар үйінде үйірме жетекшілігінен басталады. Бүгінге дейін бірқатар биікті бағындырған мұғалім өте талапшыл. Оны ол өзіне де, өнерге баулыған шәкіртіне де қоя біледі. С.Сериеваның пікірінше, шәкіртті өсіріп, қанат бітіретін – талап.
– Ізденіс пен талаптың арқасында көп­теген жетістікке жетіп келемін, – дейді ұстаз.
Ол 2013 жылы аудандық, облыстық «Нау­рыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты атанса, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру-сауықтыру орталығының «Тылсым бейнелер» республикалық фотоөнер шығармашылық студиясы мен «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік ел – Қазақ елі» тақырыбындағы конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталса, 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің І республикалық «Музыка әлемі» байқауының және облыста жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы насихат қалыптастырғаны, сондай-ақ, «Әлемді тербеткен ана» тақы­рыбындағы республикалық сайыста ба­ла бойына адамгершілік құндылықтар сіңір­гені үшін түрлі алғысқа ие болады.Сонымен қатар, үстіміздегі жылы білікті ұстаз тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуында қол жеткізген табысы мен білім берудегі елеулі еңбегі – ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұлағат иесінің шәкірт тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасы бар. Үйірме мүшелері – Мереке Жұмабекова, Айсұлу Көбенова, Дильназ Ғанибекқызы, Жанар Сарадинова, Назерке Әбдіқадырова, Мұхамеджан Рай, Мақсат Амангелдиев, Мәдина Жетібаева, Жауқазын Қожабектер халықаралық, республикалық, облыстық білім, өнер бәйгесінде топ жарып жүр.
– С.Сериева – кәсібін шебер меңгерген ұстаз. Ол қажырлы, тынымсыз еңбегімен әріптестері мен жас шәкірттеріне әркез үлгі. Ұлағаты мол ұстаздың еліміздің болашағы – бала тәрбиесі мен біліміне қосып отырған еңбегі ерекше. Ұжымның мақтанышына айналған Сәуле Абдулдақызы қай жетістікке де адал еңбегімен жетуде, – дейді мекеме басшысы Индира Әбдібекова.
ТҮЙІН:
Жаңа жағдайға бейімделу – қоғам дамуының басты қағидасы. Қазіргідей жаһандану үдерісінде лайықты өмір сүру үшін – бәсекеге қабілетті болмасақ ұтыларымыз хақ. Оған көнбеген – уақыттың шаңына көміліп, бұйырған несібеден құр қалмақ. Осыған сай, еліміз дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылуда. Себебі, кемелденген, рухани ел атану – әр адамның түпкі мақсаты әрі асыл арманы.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
28 қыркүйек 2018 ж. 1 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031