» » » Гаага қаласында қазақ бишілері Қара жорға биін паш етті

Гаага қаласында қазақ бишілері Қара жорға биін паш етті

Гаага қаласында қазақ бишілері Қара жорға биін паш етті
Гаага қаласында шаһар муниципалитетінің ұйымдастыруымен және шетелдік дипломатиялық миссиялардың қолдауымен алтыншы халықаралық «Embassy Festival-2018» туристік фестивалі өтіп жатыр. Биыл аталмыш шараға Голландияның әкімшілік қаласында орналасқан алпысқа тарта елшілік қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нидерландыдағы Қазақстан елшілігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Жыл сайын өткізілетін фестиваль бұл күнде қаланың өзіндік қолтаңбасына, ерекшелігіне, өрнегіне айналған. Ал оған қатысушы шетелдік миссиялардың саны жыл санап артып келеді. Фестивальдің жыл сайынғы бағдарламасына тегін шеберлік сабақтары, әлемге әйгілі әншілердің өнер көрсетуі, әлемдік ас мәзірінің дегустациясы, поп, джаз, халықтық және классикалық әндер енетін ерекше музыкалық бағдарлама, ұлттық костюмдермен фото түсіру шаралары енеді.
Фестивальдің бас сахнасында Құрманғазының, Дәулеткерей мен Динаның күйлері орындалып, әуезді күйлердің желісімен «Домбыра туралы аңыз» қойылымы қойылды. «Көкжайлау Астана» шығармашылық ұжымының орындауындағы Қара жорға көптің назарын аударып, жиналған жұртшылықтың қошеметіне ие болды.
inform.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930