» » » ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

Аудан әкімдігінің қолдауымен Қызылорда қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жалынды жырдың жалын өріп, Қармақшының қағынан, Жосалының жонынан өніп шыққан, жастайынан ата жырды мұра тұтынған Жиенбай жырау жыр мектебінің көрнекті өкілі, жырау-сазгер Айнұр Ешбаеваға арналған «Жақұтын жырдың жинаған» атты еске алу кеші өтті.
Кеш жырау Айнұр Ешбаеваның ғұмыр жолына арналған көрініспен ашылып, арнайы дайындалған видеопрологқа ұласты.
Мұнан соң іс-шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов ашып, өнер иесінің шығармашылығы мен өмір жолына тоқталса, бауыры Ғалымжан Досмаханов, ұстаздары – «Мәдениет саласының үздігі», жырау Бидас Рүстембеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Ерболат Мұстафаев Айнұр жайлы естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ жыраудың өнер өлкесінде жолыққан замандастары, құрбы-құрдастары, бауырлары өнерлерін ортаға салды. Айнұрдың артында қалған мол мұрасы, ақын Кеңшілік Мырзабековтің сөзіне жазылған «Көз алдымда тұрсың сен...» атты әнін талантты әнші Эльмира Қанатбаева орындап, көрермен қауымның жүрегіне жеткізді.
Өнерпаздың киелі сахнада бірге жүрген ақын, жыраулар легі кештің мазмұнын тереңдете түсті. Ақын Айдос Рахметов арнау жырын орындаса, жыраулар Мариям Кетебаева, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Айнұрдың сіңлілері Айгерім Ешбаева мен Назерке Бостанқызы жырдан шашу шашып, халықтың қошеметіне ие болды.
Кеш соңында сахнаға аудан әкімінің ықылас гүлі әкелініп, мәдени шараға қатысушылардың барлығы арнайы Алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпаттар тапсырылды.
Небәрі 22 жасында жалынды жыр жырлап, жыр жақұтын жинап, топта тұлпарша, әуеде сұңқарша қалықтаған, жасындай жарқ еткен жырау Айнұр Ешбаеваның жарқын бейнесі көзін көрген жандар мен жыр сүйер қауымның жадында мәңгілік сақталмақ.
Салтанат ЖҰМАТАЕВА
17 қыркүйек 2025 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 625
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031