» » ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда қалалық Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жалынды жырдың жалын өріп, Қармақшының қағынан,Жосалының жонынан өніп шыққан, жастайынан ата жырды мұра тұтынған Жиенбай жырау жыр мектебінің көрнекті өкілі, жырау – сазгер Айнұр Ешбаеваның құрметіне арналған «Жақұтын жырдың жинаған» атты еске алу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. 
Еске алу кеші жырау Айнұр Ешбаеваның ғұмыр жолына арналған прологпен ашылып, арнайы дайындалған видеопрологпен ұласты. 
Еске алу кешінде жырау Айнұр Ешбаеваның аз өмірінде араласып, өнердің өлкесінде жолыққан замандастары, құрбы-құрдастары, бауырлары өз өнерлерін ортаға салды.
Айнұр Ешбаеваның артында қалдырған мұрасы ақын Кеңшілік Мырзабековтің сөзіне жазылған «Көз алдымда тұрсың сен...» атты әнін талантты әнші Эльмира Қанатбаева орындап, көрермен қауымның жүрегіне жеткізді.
Кешті Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы ашып, Айнұрдың ағасы Ғалымжан аға естелік айтты.
Ұстаздары «Мәдениет саласының үздігі», жырау Бидас Үрістембеков пен Қазастанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Ерболат Мұстафаевтар Айнұр жайлы естеліктерімен бөлісті. 
Айнұрдың өнер сахнасында бірге жүрген ақын – жыраулар легі еске алу кешінің ажарын аша түсті. Ақын Айдос Рахметов арнау жырын арнаса, жыраулар Мариям Кетебаева, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Айнұрдың сіңілілері Айгерім Ешбаева мен Назерке Бостанқызы жырдан шашу шашып, халықтың қошеметіне бөленді.
Кеш соңында сахнаға Қармақшы ауданы әкімінің ықылас гүлі әкелініп, кешке қатысушылардың барлығы арнайы алғысхатпен марапатталып, сый-сияпаттар берілді.
Бар жоғы 22 жасында жалынды жыр жырлап, жыр жақұтын жинап, топта тұлпарша, әуеде сұңқарша қалықтаған, жасындай жарқ еткен жырау Айнұр Ешбаева көзін көрген жандар мен жыр сүйер қауымның жадында мәңгілікке қалады.
13 қыркүйек 2025 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930