» » » Би өнерімен биіктерге жетелеген

Би өнерімен биіктерге жетелеген

«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп айтқандай, ол баланың тәрбие үрдісінде өте маңызды рөлді атқарады. Сол өнердің шоқтығы биік түрі – би өнері. Дене сұлулығы мен сымбаттылықты би өнері қалыптастырады десек, бұл өнердің де бізге беймәлім сыры мен біз түсіне бермейтін қыры өте көп.
Ал қандай өнер болсын жантәніңмен беріле айналысқанда ғана биіктерге шығаратыны сөзсіз. Сөзсіз деп сеніммен айтуымызға ауданымыздағы №3 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасындағы «Шұғыла» би тобының жеткен жетістіктері мен бағындырған белесі себеп. Биші балғындар жақында өткен «Менің елім – менің балалық шағым» байқауының аудандық, облыстық кезеңінен топ жарып, І орынды жеңіп алды. Бұл аз десеңіз, республикадан облыс, аудан абыройын асқақтатып, І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
17 бүлдіршіннен құралған би тобы «Қазақ биімен» сынға түскен. Республикалық балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда балабақша бүлдіршіндері топ ішінен дараланып, өнерімен оқ бойы озық болды.
Жалпы қай салада болсын білікті маманның қашанда бәсі биік болары анық. Би тобына жетекшілік ететін Айгерім Жанғаблованың тыңғылықтылығы мен ізденімпаздылығын айтпай кетуге болмас. Ол – өнерге берілген жан. Себебі мектепте оқи жүріп қосымша Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінде баян үйірмесі бойынша Зина Рысбаевадан сабақ алады. Ал 2012 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне оқуға түседі. Онда Халық аспаптар бөлімі, баян мамандығында Әсия Боранғұловадан тәлім алады. Одан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда жоғары университетінде музыкалық білім бөлімін бітіріп шығады. Оның еңбек жолы 2015 жылы «Ертөстік» бөбекжай-бақшасында музыкант болумен басталады. 5 жылға жуық бүлдіршіндерге әуезді әннен сабақ береді. Шығармашылық өмір жолы уақыт өте келе би өнеріне қарай ойысады.
Айгерім Бақтыбекқызы қазірде балабақшада «Шұғыла» би үйірмесін жүргізеді. Балабақша меңгерушісі Гүлзат Қарабисенованың айтуынша, үйірмедегі бүлдіршіндердің де бұл өнерге қызығушылығы жоғары. Жалынды жастың шәкірттері аудан, облыс мерейін асырып, республикадан жеңімпаз атанғанын да мақтанышпен айтады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 маусым 2025 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930