» » » ТАЛАНТ ТАС ЖАРАДЫ...

ТАЛАНТ ТАС ЖАРАДЫ...

Сырдың елі – бекерге жырдың елі атанбапты. Сонау бағзы ғасырдан бастау алған Қорқыт бабаның күйшілік өнері бертін келе күллі түркі дүниесіне тарады. Оның ішінде, абыз әулиенің мәңгілік мекен тапқан Қармақшы топырағынан көптеген жыр шайыры мен өнер жұлдызы өсіп шықты. «Асыл – тастан, өнер – жастан шығады» демекші, жыр күмбезін қондырған қасиетті өлкеде өнерге деген талпыныс жас кезден басталады.


Жақында аудандық мәдениет үйінде А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейдің ұйым­дас­тыруымен «Жас талант» өнер байқауы өтті. Айтулы сайыс Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Қармақшы ауданының 90 жылдық мерекесіне арналды.

68 өнерпаз бақ сынаған байқауда қазылар алқасының шешімімен көркем сөз оқу жанры бо­йынша Ақниет Шәмші І орынды жеңіп алса, Жолмырза Қазтаев пен Мерей Тетебаева ІІ орынды иеленді. Ал, Бекзат Тұрсынбай мен Дана Әди ІІІ орынды місе тұтты. Ән жанры бойынша Нұрлыхан Байғараев І орыннан көрінсе, Әдемі Қожабаева мен Кәусар Ысқақ ІІ орынды бағындырды. Ал, Нұржан Несіпбеков пен Данияр Әбілдаевқа ІІІ орын бұйырды. Би жанрында «Гузел» тобы жеңімпаз атанса, ІІ және ІІІ орынды «Шабыт» пен «Томирис» тобы, сондай-ақ, «Сезім» мен «Шұғыла» тобы қанжығаға байлады.  

– Бала тәрбиесінде өнердің де өзіндік маңызы бар. Мақсатымыз – талантты оқушыларды анықтап, олардан шығармашыл тұлға қалыптастыру. Айт­қаны­мыздай, өткен жылы «Әнші балапан» байқауын өткіздік. Сонда байқағанымыз – ата-аналар мен көрермендер спорт залға сыймады. Сондықтан осы байқауды аудандық мәдениет үйінде өткізуге ұйғардық. Шараға демеушілік жасаған ұжымдар мен кәсіпкерлерге, ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз, – дейді мектеп-лицей директоры Гүлжахан Мұнарбаева.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
13 желтоқсан 2018 ж. 1 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 707
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031