» » » ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚАЛАМГЕР

ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҚАЛАМГЕР

Биыл қазақ көркемсөзінің өкілі, парасат-пайымы мол ірі тұлға, ақын, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Адам Мекебаевтың туғанына – 85 жыл. Қаламгер республикалық әдеби-мәдени басылымдарда еңбек етті.
Атап айтар болсақ, республикалық «Қайнар» редакциясында, «Жазушы» баспасында, ҚазКСР мәдениет министрлігінде, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет еткен. 1987 жылы Мәскеудегі дүниежүзілік әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірген. Шығармасының әралуандығымен, тілінің шұрайлылығымен ерекшеленген Адам Мекебаев оқырмандарының сүйікті жазушыларының қатарында болды.
Жуырда аудан әкімдігінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен жазушы Адам Мекебаевтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Емен бойлы, кемел ойлы қаламгер» атты аудандық өнер фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты оқырмандарға жерлесіміз, көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Тағылымды кеш барысында жиылған көпшілік Адам Мекебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалды тамашалады.
Жыр фестивалінде Ақжар ауылдық округінің әкімі Нұржамал Бектайқызы мен №28 орта мектептің директоры Амантұр Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Онда қатысушылар қаламгердің төл шығармалары мен Сыр сүлейлерінің шығармаларын нақышына келтіре орындады.
Жыр кешінің соңында барлық қатысушылар аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың арнайы алғыс хатымен марапатталып, сыйсияпаттар табыс етілді. Ауыл ардагерлері Рая Жөнейтова мен Ибайдулла Нарымбетов бата беріп, ізгі тілегін білдірді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 маусым 2025 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930