» » » СЫР САҢЛАҒЫ – МАХАН ЖЫРАУ

СЫР САҢЛАҒЫ – МАХАН ЖЫРАУ

Қасиетті Қармақшы өңірі жыр саңлақтарының ертеденақ алтын арқауы болған. Жыр күмбезін орнатқан ата-баба өнегесі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, жас ұрпаққа мұра болып қалыптасуда. Жыр шайырлары мен жыраулардың ізгі жолын жалғастыруда ауданымызда көптеген іс-шара өтіп, өнер сүйер қауымның көзайымына айналуда.
Соның бірі – жуырда аудан әкімдігінің қолдауымен К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейі, белгілі жырау Махан Берлібекұлының 125 жылдығына арналған «Сыр саңлағы – Махан жырау» атты аудандық жас жыршы-термешілердің байқауы өтті. Доданы Арал ауданынан арнайы келген Нұртуған жыр мектебінің өкілі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, жырау Айбек Тәңірбергенов арнау жырын орындап, байқаудың шымылдығын түрді.
Жыр байқауын аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы құттықтау сөзбен ашып, бағын сынамаққа бел буған өнерпаз талапкерлерге сәттілік тіледі.
Сайысқа 9 жас жыршы қатысып, Сыр сүлейлерінің шығармаларын орындады.
Талантты балалардың өнерін бағалауда қазылар алқасы құрылды. Оған жыршы-жыраулар, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері Берік Саймағанбетов, Қасарбек Кәрібаев, Махан жыраудың інісі, білім беру ісінің үздігі Иса Жеткербаевтар жетекшілік етіп, жас талапкерлердің өнерін ереже талаптарына сай сарапқа салды.
Нәтижесінде Талант Балтабай – бас жүлдені жеңіп алса, Айдана Амантай І орын, Ерсұлтан Ноян ІІ орын иеленді. Ал Аяулым Маратқызы мен Жания Райымбек ІІІ орынды өзара бөлісті. Басқа қатысушылар Іңкәр Темірбай, Фатима Берікболқызы, Мағжан Амангелдиев, Айару Келмембет арнайы Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
Мәдени іс-шараның соңында Махан жыраудың ұрпақтары Иса Жеткербаев, Бекен жыраудың ұрпағы Жанбөбек Тұрмаханұлы, Тоғанас Сарыбаев, Махан жыраудың немересі Марина Маханова ұйымдастырушыларға, көпшілік халыққа алғыстарын айтып, қатысушы жас өрендерге қаржылай сертификаттар табыстады.
Есті жыр, ескі сарынды заманында мәпелеп ұстап, арғы бабадан жалғасқан текті өнерді қастерлеп, өзіндік жол, өзгеше мақам қалыптастырған Махан жыраудың артында іздеуші ұрпақтары барда, есімі елдің есінде ұзаққа сақталары анық.
С.ДАТ
05 мамыр 2025 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 697
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031