» » » СЫР САҢЛАҒЫ – МАХАН ЖЫРАУ

СЫР САҢЛАҒЫ – МАХАН ЖЫРАУ

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастырумен Сыр сүлейі, жырау Махан Берлібекұлының 125 жылдығына арналған «Сыр саңлағы- Махан жырау» атты аудандық жас жыршы-термешілер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Жыр байқауын Арал ауданынан арнайы келген Нұртуған жыр мектебінің өкілі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгі иегері, жырау Айбек Тәңірбергенов арнау жырымен ашты. Жыр байқауына 10 жас жыршылар талаптанып, бақтарын сынасты. Жыр байқауын аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы құттықтау сөзімен ашып, барша талапкерлерге сәттілік тіледі.
Жырау байқауына арнайы қазылар алқасы құрылып, құрамында Саймағамбетов Берік Рахманұлы-жырау, ҚР «Мәдениет қайраткері», Кәрібаев Қасарбек Қосжанұлы – жырау, Қосжан жыраудың ұрпағы, Жетербаев Иса Тілеубайұлы- Махан жыраудың інісі, білім беру ісінің үздігі жас талапкерлердің өнерлерін ереже талаптарына сай сарапқа салды.
Нәтижесінде Талант Балтабай – Бас жүлде, Амантай Айдана - 1 орын, Ноян Ерсұлтан - 2 орын, Маратқызы Аяулым мен Райымбек Жания 3 орындарды өзара бөлісті.Басқа қатысушылар Темірбай Іңкар, Берікболқызы Фатима, Мағжан Амангелдиев, Келмембет Айарулар арнайы Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Мәдени шараның соңында Махан жыраудың ұрпақтары Иса Жетербаев, Бекен жыраудың ұрпағы Жанбөбек Тұрмаханұлы, Тоғанас Сарыбаев, Махан жыраудың немересі Маханова Мариналар ұйымдастырушыларға, көпшілік халыққа рахметтерін айтып, қатысушы талапкерлерге арнайы қаржылай сертификаттарын табыстады.
Есті жыр, ескі сарынды заманында мәпелеп ұстап, арғы бабадан жалғасқан текті өнерді қастерлеп, өзіндік жол, өзгеше мақам қалыптастырған Махан жыраудың артында іздеуші ұрпақтары барда, елдің есінде мәңгі қалары анық.

28 сәуір 2025 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930