» » » КҮЙ - ҚҰДІРЕТ, ЖЫР - КИЕ

КҮЙ - ҚҰДІРЕТ, ЖЫР - КИЕ


"Адал адам" мәдени-тәрбие орталығының "Арт уақыт" жобасы аясында, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен "Күй - құдірет, жыр - кие" тақырыбында Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі мен К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің шәкірттері арасында интеллектуалды сайыс болып өтті.
Аталмыш сайыстың мақсаты - жастардың дәстүрлі ұлттық музыкалық өнерге қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету және ой-өрістерін кеңейту.
Кент орталығындағы балалар әуез мектебі мен Жыраулар үйінің шәкірттерінің бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу.
Сайыста екі топ /күй және жыр/ 6 кезең бойынша бақтарын сынады. Әр топқа 5 оқушыдан қатысып, алдын-ала дайындалған түрлі сұрақтарға, тапсырмаларға жоғары деңгейде жауаптар беріп, ерекшеленді. Сайысқа төрелік еткен төрешілердің ұйғарымымен екі топ та үздік деп танылып, дипломдармен марапаттады.
24 қаңтар 2025 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 202
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 388

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30