» » » БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

Сыр өңірі – жыраулық өнердің байрағын көтерген өрісті өлке. Соның ішінде қасиетті Қармақшы топырағының орны бөлек. Жүз шайыр шыққан өңірдің өнер көші өнегемен өміршең. Әсіресе Жиенбай жыраудан басталған тағылым әлі күнге дейін мәнін жоймай келеді. Биыл сол даңқты жыраудың туғанына 160 жыл. Осыған орай Қызылордадағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Сыр сүлейінің мәдени мұрасын дәріптеуге арналған «Жыр жүйрігі – Жиенбай жырау» атты облыстық жыр фестивалі өтті.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған жыр фестивалін қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева сөз сөйлеп ашты.
Жыр кешінде республикаға танымал жыршы Әділхан Қуаңбаев пен Көшеней жыраудың ұрпағы Байбол Көшеней Сыр сүлейлерінің шығармаларын шеберлікпен орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Көнекөз қариялардың айтуынша, Жиенбай жырау Түркіменстан асып, сол елде «Көрғұлы» дастанының арабша нұсқасын үйренген. Тарихи шығарманы кейіннен қазақ тіліне тәржімалап, алқалы топта шырайын шығарып орындаған. 62 салалы бұл дастан өте күрделі шығарма. Сол себепті қазір түпнұсқадан теріп, нақышын бұзбай орындайтын жыраулар аз. Соның бірі – Жиенбай жыраудың тікелей ұрпағы Бидас Рүстембекұлы. Өнер кешінде Бидас жырау мен шәкірті Әйгерім Ешбаева «Көрғұлы» дастанын орындап, тыңдарман қауымды тәнті етті.
Жиын соңында жыр шеруіне қатысушылар аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
08 желтоқсан 2024 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 620
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031