» » » МЕН ЕДІМ ЖӨНЕЛДІКТІҢ ЕШНИЯЗЫ

МЕН ЕДІМ ЖӨНЕЛДІКТІҢ ЕШНИЯЗЫ

Мәңгілік өмір жүрегі, заманалар мен ғасырлар тірегі, жыр боп жауһарланған Тұрмағамбет ауылында Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен жыр күмбезін Сыр елінде көтерген, Сыр елінің Сал –серісі атанып, Тұран топырағының даңқын асырған, Сыр сүлейі, есімі алты Алашқа мәлім Ешнияз Сал Жөнелдікұлының 190 жылдығына арналған «Мен едім Жөнелдіктің Ешниязы...» атты облыстық жыршы- жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Жыр шеруін Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы және Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Алдамұратов Мұрат Жұмаділдаұлы құттықтау сөз сөйлеп, Ешнияз Сал жайлы ой толғамымен бөлісіп, жыршы – жырауларға сәттілік тіледі.
Жыр шеруіне Зәуре Кәрібаева /Қармақшы ауданы/ Амандық Бүрлібаев /Қызылорда қаласы/, Руслан Ахметов /Қызылорда қаласы/, Айдос Рахметов /Қызылорда қаласы/, Майра Сәрсенбаева /Қызылорда қаласы/, Серік Жақсығұлов /Қызылорда қаласы/, Айгерім Ешбаева /Қармақшы ауданы/, Әділхан Қуаңбаев /Қызылорда қаласы/, Сыр сүлейі, сазгер-жырау Ешнияз Сал Жөнелдікұлының бар болмысын, шығармашылығын және халық арасында кеңінен насихатталған әндері мен жырларын өнер сүйер қауымға ұсынып, көрермендер қошеметіне бөленді.
Фестиваль соңында ауыл ардагері Пазылиев Бітімбек, ұстаз-ардагер Зарипа Тасымовалар жыр шеруіне қатысқан барша қатысушыларға, ұйымдастырушыларға рахметін айтып, ықылас тілегін білдірді.
Бақ пен баптары қатар шапқан жыршы-жыраулар Қармақшы ауданы әкімінің арнайы Дипломдарымен және «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Пірмантаев Нұржан Айдарбекұлының қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

26 қараша 2024 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 777

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031