ҰШҚЫР ОЙЛАР
Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің" ұйымдастыруымен жер кіндігі- Байқоңыр қаласында "Ұшқыр ойлар" республикалық ақындар айтысы өтті.
Айтысқа республикамыздың түпкір - түпкірінен 10 ақын қатысып, бақ сынасты. Ақындар айтысын Қызылорда қаласының құрметті азаматы, үш дүркін Алтын домбыра иегері, айтыс ақтаңгері, ақын Ниязов Мұхтар Мәуленұлы жүргізді.
Айтыстың қазылар құрамында белгілі ақын, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, білім беру ісінің үзгігі Ыдырысов Серік Махмудұлы, ҚР "Мәдениет қайраткері" жырау Саймағамбетов Берік Рахманұлы, Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Мансуров Нұрмат Абдоллаұлы бекітіліп, нәтижесінде Бас жүлде Орынбасаров Бексұлтанға /Қызылорда қаласы/, І орын Фариза Жетпістай /Атырау қаласы/, ІІ орын Нұрбол Жауынбай /Ақтөбе қаласы/, ІІІ орын Аян Ниязбек /Шымкент қаласы/ және Сырым Әділбек /Қармақшы ауданы/ өзара бөлісті. Қалған барша қатысушыларға Ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің" директорының міндетін атқарушы Ешбаева Айгерім Бостанқызы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Нұртай Қайрат Ырзақұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.