» » » Жерлестер жеңісі

Жерлестер жеңісі

qarmaqshy-tany.kz ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Т.ЖҮРГЕНОВТІҢ 125 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТЕМІРБЕГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ. ДҮБІРЛІ ДОДАҒА АЙМАҒЫМЫЗДАН 12 АЙТЫСКЕР ҚАТЫСЫП, ӨЗАРА БАҚ СЫНАСТЫ. АЙТЫСТЫ АҚЫН, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ МАМЫР БАЙДӘУЛЕТОВ ЖҮРГІЗДІ.
Аузымен құс тістеген кіл жүйріктер Темірбек Жүргеновтің білім мен әдебиет, мәдениет пен өнер саласындағы ұйымдастырушылық қабілетін, қаламгерлік қажырын, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің тарих таразысындағы жеткен жетістіктерін жырға қосып, айтыстың көркін қыздырды.
Айтысқа Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қазына Өзденбаева, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын Нұрмат Мансұров ақындардың өнерін сарапқа салып, қазылық етті.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені жерлесіміз Сырым Әділбеков қанжығасына байласа, қармақшылық Тұрар Бекмұрзаевқа жүлделі І орын бұйырды. Ал ІІ орынды Арал ауданынан Бексұлтан Орынбасаров еншілесе, ІІІ орынды Сырдария ауданынан Мұхамеджан Мансұров, Қызылорда қаласынан Ерасыл Байментаев, Шиелі ауданынан Бекжан Ержігіттер иеленді. Сондай-ақ, айтыстың барлық қатысушылары мен жүлдегерлеріне диплом мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сөз соңында Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсат Алаштың арда азаматы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралардың ұрпақ үшін маңызды екенін жеткізіп, айтысты ұйымдастыруға атсалысқан аудан әкімдігіне алғысын білдірді.
«Қт» ақпарат
25 ақпан 2023 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31