» » » Бозторғайдың бас жүлдесін иеленді

Бозторғайдың бас жүлдесін иеленді

Аудан мәдениетін дамытуға барынша үлес қосып, талай облыстық, республикалық байқауларда топ жарып, биік белестен көрініп жүрген талантты да дарынды жастарымыз аз емес. Жастайынан жырға құлақ құрышын қандырып өскен жеткіншектер бүгінде жетістік төрінен көрінуде. Сөзіміздің тағы бір дәлелі – 3 күн бұрын халықаралық байқаудың бас жүлдесінің бұйыруы. Нақтырақ тоқталсақ.
26-27 қыркүйек күндері Алматы қаласында халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауы өткен-ді. Сол додада біздің балдырған түркітілдес халықтар арасында өнерін ортаға салуға келген 100-ге тарта өреннің ортасынан оқ бойы оза шапты. Дарындылар ішінен дараланған өнерпаздың есімі – Мәди. Ол Алдашбай ахун ауылындағы №111 орта мектептің 7-сыныбында тәлім алады. К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің Алдашбай ахун ауылында орналасқан «Ешнияз сал» үйірмесінің шәкірті. Үйірме жетекшісі – жас та болса біршама белесті бағындырып жүрген жырау Әлішер Мырзағалиев. Шәкірттің әрбір жеңісі ұстаз еңбегінің жемісі емес пе? Оқушысы жайлы жетекшіден пікір алдық.
– Биыл 7-сыныпқа аяқ басқан Мәди Елдес – менің талантты, ерекше дарыны бар мықты шәкірттерімнің бірі. «Ешнияз сал» үйірмесінде білім алатын ол көптеген байқауда топ жарып, аудан намысын қорғап келеді. Бүгінде шәкіртімнің жарқын жетістіктерін зор мақтанышпен айтамын. Біздің бағыт – халықтық орындау. Байқаудың алғашқы кезеңінде Тұрмағамбет Ізтілеуұлының «Тәлім» термесін орындаса, ІІ кезеңде Дүр Оңғар Дырқайұлының «Ерлерім сөйле дегесін» термесін көпшілік назарына ұсындық. Нәтижесінде халықаралық «Бозторғай» байқауында бас жүлде иегері атанды. Өзінің бойындағы ерекше талантымен талайды тамсандырған шәкіртім Бакудегі байқауда еліміздің абыройын асқақтатып, жүлделі орынды алған едік. Мәди болашағынан зор үміт күттіретін жас өнерпаз. Талантты өнерпаздың болашақта биік белес пен шыңдардан көрінуіне зор сенім мен үміт артамын, – дейді жетекшісі Әлішер Мырзағалиев.
Аудан өнерін алға жетелеп, талай талантты жастың шығармашылығын шыңдап жүрген білікті маманның еңбегі әркез бағалы. Жаңашылдықтың үлгісін көрсетіп, қазақтың киелі домбырасы мен жыр өнерін дәріптеп жүрген жас талант иесі мен шәкіртінің жеңісі бүгінде көпке үлгі. Өнерлі жас – еңселі ел ертеңі екені айтпаса да түсінікті.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 қазан 2024 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930