Құрылтай
» » » Жыршылар байқауы болып өтті

Жыршылар байқауы болып өтті


Сыр сүлейі, ақын, жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 165 жыл толуына арналған "Ерлерім сөйле дегесін" атты аймақтық жас жыршылар байқауы болып өтті.
Байқаудың басты мақсаты - семсер сөз, серпінді жыр бұлағын қатар өрген ақын, даңғайыр жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының асыл мұрасын насихаттау арқылы жас шәкірттердің аяқ алысын, жетістігі мен жеңісін сараптау.
Шараның алғы сөзі Жаңажол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәуекелов Бақытбек ағайға берілді.
Байқаудың нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен І орынды ақжарлық Талант Балтабай жеңіп алды. ІІ орынды Дүр Оңғарлық Тілеген Айсауле, ІІІ орынмен Жосалы кентінен Маратқызы Аяулым мен тұрмағамбеттік Мағжан Амангелдиевтер иеленді. Барлық қатысушы өнерпаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

14 маусым 2024 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 604
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 066

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31