Құрылтай
» » Жыр дүлейі - Дүр Оңғар

Жыр дүлейі - Дүр Оңғар

Алты Алаштың анасы да, панасы да болған Сыр бойы киелі де қасиетті жер. Осы жерде талай билер мен батырлардың, небір дүлділ ақын-жыршылардың, әулиелердің кіндік қаны тамды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басы осындай киелі жерге Сыр сүлейлерінің бір топ жыр жұлдызын сыйлады. Сол шоқ жұлдыздар шоғырының көрнекті өкілі – Оңғар Дырқайұлы артында өшпес мұра қалдырған орақ ауызды, өткір тілді ақын-жырауларымыздың бірі де бірегейі болған.
ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасы және мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-book» жобасы аясында, оқушыларға Сыр сүлейі, жыр дүлділі Дүр Оңғар жыраудың өмірі, өлең-жырлары, шығармаларын, әдеби мұраларын насихаттау мақсатында танымдық сағат өткізілді. Ол Сыр өңірі ақындарының ұстазы Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Жыр дүлейі – Дүр Оңғар» атты тақырыбында ұйымдастырылды. Оқырмандарға бей- непроектордан «Дүр Оңғар Дырқайұлы» атты деректі фильм көрсетіліп, жырау Ә.Сүлейменовтің орындауындағы «Ерлерім сөйле дегесін» атты термесі тыңдалды.
Кітапханашы ақынның шығармаларына шолу жасап, өмірбаянымен таныстырды. Оқушыларға Дүр Оңғар шы- ғармаларынан жұмбақтар жасырылып, сұрақтар қойылды. Олар кезекпен-кезек ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Кеш соңында оқырмандар алған әсерлерін стикерге жазып, кітапханадағы тілек ағашына қалдырды.
Рима ТҰРМАНОВА
30 наурыз 2024 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31