» » » СЫР САЗГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

СЫР САЗГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ


Қызылорда қаласында мәдениет қайраткері, музыкант Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш қойылды. Қызылорда қалалық оқушылар үйінің ауласына қойылған ескерткіш өнер иесіне деген зор құрметтің белгісі. Кеше ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Оған қоса 16-18 мамыр аралығында Батырхан Шүкенов атындағы «Отан – Ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылды.
Өнер көгінде жасындай жарқырап, ерте сөнген шоқ жұлдызды еске алуға арналған конкурста Қазақстанның 13 облысы мен Ташкент қаласынан 25 талапкер бақ сынады. Қазылар алқасының төрағасы Ержан Әбдірахманов қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі. Қазылар алқасының құрамында Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Олжас Байканов (ұзақ уақыт бойы Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры болған) бар.
Конкурсқа қатысушылар екі ән орындады. Оның бірі – еркін тақырыпта болса, екіншісі Б.Шүкеновтің репертуарынан алынды. Қазылар алқасының шешімімен сайыстың бас жүлдесі Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ерік Төленовке бұйырды. Бірінші орынның биігін қарағандылық Гүлнар Көшенова бағындырса, екінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Айымбек Сартуков еншіледі. Ал үшінші орынды қызылордалық Индира Бәйімбетова мен астаналық Күләйім Қайырбаева өзара бөлісті. Сондай-ақ, Шүкеновтер отбасының арнайы жүлдесімен алматылық Сырымтай Еңсепов, қала әкімінің арнайы жүлдесімен ақтөбелік Нұртас Омаров және қызылордалық Тұрғанәлі Шарапов марапатталды. Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы жүлдесі Арайлым Маханбетжановаға бұйырды.
Сонымен қатар, конкурсанттар мен әнші-сазгердің әріптестері ескерткіштің ашылуына қатысып, айналасына тал екті. Сырға келген өнер майталмандары орталық алаңда гала-концерт өткізіп, Б.Шүкеновтің репертуарындағы әндерді орындады. Оған эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Әли Оқапов және Рүстем Нұржігіт қатысты.
«ҚТ» ақпарат.
20 мамыр 2018 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930