» » » Сала үздігі атанды

Сала үздігі атанды

   Талантты журналист, жерлесіміз, Қазақстанның баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» Ұлттық сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Нұрсұлтан Мықтыбаев жақында екі бірдей жоғары наградаға ие болды. Ақжолтай марапаттар оған Астана төрінде табысталды.
   Нұрсұлтан, ең алдымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Оған бұл марапат еліміздің БАҚ саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі және отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі, аталған саладағы кәсіби жетістіктері мен халықаралық дәрежедегі сыйлықтары үшін берілді.
Жерлесімізге табысталған екінші марапат – БҰҰ жанындағы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігінің Михаил Шолохов медалі. Бұл марапат Нұрсұлтанға сүйегі туған жерінен алыста, сонау Қырымда жатқан, небәрі 30 жасында қыршын кетіп, тағдырдың жазуымен іздеусіз қалған сырбойылық ақын Ынтызар Әбішевті қайта тірілтіп, оның жоғалған, талан-таражға түскен шығармаларын 52 жылдан кейін қайта тауып, әдеби айналымға түсірген еңбегі үшін табысталған.
   Жасыратыны жоқ, жерлесімізді аталған халықаралық медальмен наградтау кезінде оның ақын Ы.Әбішев туралы «Жоғалған жыр» фильмін түсіріп, «Өмірде өлең ғана – бар асылым» жыр жинағын құрастырып қана қоймай, кейбір ғылыми институттардың жұмысын жалғыз өзі атқарған орасан зор қажырлы еңбегі мен бейнеті айрықша атап көрсетілген.
   Айта кетейік, Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша лауреаты Михаил Шолохов медалі – екі жылда бір рет осы саладағы ең жоғарғы жетістіктер үшін ғана тағайындалады.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
20 желтоқсан 2023 ж. 6 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930