» » » Сөйле тілім жосылып

Сөйле тілім жосылып


qarmaqshy-tany.kz Бүгін Сыр сүлейі, даңқты шайыр дүр Омар Шораяқұлының 145 жылдығына арналған "Сөйле тілім жосылып..." атты облыстық жыршы- жарулар фестивалі ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде аталып өтті.

Жыр фестивалін аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушысы Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестивальге Қармақшы ауданынан Сыр сүлейі, шайыр Омар Шораяқұлының ұрпағы Дінислам Тоқсанбаев, Балтабай Бедебаев, Зауре Кәрібаева, Жарқынбек Тұрымбетовтер, Қызылорда қаласынан Әділхан Қуаңбаев, Болат Баймұратов, Сырдария ауданынан Алмат Өтеуовтер Омар Шораяқұлының шығармаларын Сыр мақамдарымен нақышына келтіре орындап, көпшілік тыңдарман қауымның көңілінен шықты. Ақынның ұрпақтары Сабытбек Жолмаханов, Серік Ыдырысов, Дәулет Тоқсанбаевтар арнайы шақыртумен қатысып, лебіздерін білдірді. Омар Шораяқұлы мен Қадыр жыраудың өзара туыстық, шығармашылық байланыстығын айта келіп Қадыр жыраудың ұрпағы Тәшбай қария барша жыршы- жырауларға ақ батасын беріп, тарқасты.

Мәңгілік өмір жүрегі, заманалар мен ғасырлар тірегі, жыр боп жауһарланған Қасиетті Қармақшы өлкесі - өлмес өнердің отын жаққан киелі мекенде жыр керуенінің көші тоқтамағай!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 қараша 2023 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930