» » » Сөйле, тілім, жосылып

Сөйле, тілім, жосылып

qarmaqshy-tany.kz КЕЗ КЕЛГЕН ҰЛТТЫҢ ӨЗІНДІК КЕСКІН-КЕЛБЕТІ МЕН БОЛМЫСБІТІМІН АЙҚЫНДАЙТЫН ҰҒЫМДЫ ОНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ДЕСЕК, ӨНЕР СОЛ МӘДЕНИЕТТІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ САНАЛАДЫ. СОНДЫҚТАН ӨНЕРДІҢ ҚАЙ ТҮРІ БОЛМАСЫН АТА-БАБАМЫЗДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА, ТАУСЫЛМАС ҚАЗЫНА. СОНЫҢ ІШІНДЕ «СЫР ЕЛІ – ЖЫР ЕЛІ» ДЕП АЙДАР ТАҚҚАН ОСЫ ТОПЫРАҚТАН ТҮЛЕГЕН ҰРПАҚТЫҢ ҚАНҒА СІҢГЕН ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕРДЕН АЛШАҒЫ ЖОҚ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. ЖҮЗ ЖЫРАУ ЖҮЗІКТЕГЕН ҚАРМАҚШЫ ӨҢІРІНЕН ШЫҚҚАН ОМАР ШОРАЯҚҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА БИЫЛ 145 ЖЫЛ.
Сыр сүлейлерінің ішінде шоқтығы биік өнер иесінің бірі – Омар Шораяқұлы. Оның жастық шағы қиын кезеңде өтті. Бала кезінде қаншама қиындық көрсе де жігері жасымай, өмірге үлкен арманмен қарады. Алдына талаптар қойып, соған жету жолында бар күш-жігерін жұмсады. Жастайынан талантымен танылды. Алдындағы аға буын шығармашылығына зер салып, солар секілді өлең өлкесінде өз қолтаңбасын қалдырды.
Ақынның бай мұрасын насихаттау мен жас ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің «Жиенбай жырау» үйірме сыныбында «Сөйле тілім жосылып» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға шайыр жайында кеңірек ақпарат айтылып, бейнеролик көрсетіліп, оқушылар мен кеш қонақтарына таныстырылды.
Үйірме оқушылары шайырдың термелерін орындаса, осы үйірмеден дәріс алған алғашқы шәкірттің бірі, ұстаз «Ешнияз сал» үйірме жетекшісі Әлішер Мырзағалиев қатысып, оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Әрбір шығарманы жүрегімен сезініп, жұрт жадына жеткізе жырлаған О.Шораяқұлының есімі күллі қазақ халқының жадынан өшпек емес, оның шығармашылығы дәстүрлі өнердің қайталанбас қолтаңбасы болып қала бермек.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
08 сәуір 2023 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930