» » Орамды ойдың Омары

Орамды ойдың Омары

qarmaqshy-tany.kz БИЫЛ СЫРДЫҢ ДАҢҚТЫ ШАЙЫРЫ ОМАР ШОРАЯҚҰЛЫ БАБАМЫЗДЫҢ ТУҒАНЫНА – 145 ЖЫЛ. ОСЫҒАН ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ А.ТОҚМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «ОРАМДЫ ОЙДЫҢ ОМАРЫ» АТТЫ ЖАС ЖЫРШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ. ОҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕНАУДАНДАРДАН ЖАС ТЕРМЕШІЛЕР ЖЫР ДОДАСЫНА ТҮСТІ.

Ақынның бай мұрасын насихаттап, ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында өткен байқау Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, қалалық мәдениет және спорт бөлімі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Қызылорда облысы бойынша филиалының бірлесе ұйымдастыруымен, сондай-ақ Омар Шораяқұлының ұрпақтарының демеушілігімен өткізілді.
Жыр байқауына арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов жиылған жұртшылықты көрісу күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті десек, өнер сол мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан өнердің қай түрі болмасын ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, таусылмас қазынамыз. Соның ішінде «Сыр елі – жыр елі» деп айдар таққан осы топырақтан түлеген ұрпақтың қанға сіңген жыраулық өнерден алшағы жоқ екені даусыз. Өздеріңізге белгілі, Сыр елінде өзіндік тарихы қалыптасқан 3 жыршылық мектеп бар. Осы ретте, жүз жырау жүзіктеген Қармақшы өңірінен шыққан Омар Шораяқұлының бай мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақ жадында жаңғыртуды мұрат еткен бұл байқаудың берері мол деп білемін, – деді ол.
Жыр бәйгесінде шайырдың ұрпағы, мәдениет саласының үздігі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, Алашқа танымал ақын Серік Ыдырысов жас дарындарға батасын беріп, өнердегі жолдарының даңғыл болуына тілегін білдірді.
Байқауға жырау, ҚР Мәдениет қайраткері Руслан Ахметов, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының жыраулармен жұмыс секторының меңгерушісі Майра Сәрсенбаева, белгілі жырау Марат Сүгірбай қазылық жасап, жыршылардың өнерін сарапқа салды.
Сайыс қорытындысында бас жүлде мен «Жыршы бала – 2023» номинациясын қызылордалық жас жыршы Нөсер Айдосұлы қанжығасына байласа, қызылордалық Аяулым Абдумажит пен қармақшылық Мәди Елдес І орынды иеленді. Сондай-ақ, аралдық Инабат Толғанбекова мен қармақшылық Талант Балтабай ІІ орынды еншіледі. Жалағаш ауданынан келген Дәулетбек Бақытбек, қармақшылық Айдана Амантай, қызылордалық Қарақат Әбдікерім жүлделі ІІІ орынды өзара бөлісті. Ал қызылордалық Аңсаған Ділдәбекқызы мен Жанұзақ Рысбек және Досымжан Құрманғалиев, қармақшылық Арай Оңғарқызы арнайы жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Омар Шораяқұлының ұрпақтары атынан қаржылай сыйлықтар табысталды.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
20 наурыз 2023 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930