» » » Шежіре, жырдың алдаспаны

Шежіре, жырдың алдаспаны

qarmaqshy-tany.kz К.Рүстембекұлы атындағы аудандық жыраулар үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен ақын­шежіреші әлімбай әлиасқаровтың туғанына 115 жыл толуына байланысты «сырда туған шежіреші­ақын – әлімбай» атты облыстық жас жыршы­термешілер фестивалі өтті.

Фестивальді аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов ашып, ақынның өмір жолынан естелік айтып, шығармашылығына тоқталды.
Одан әрі жыр кеші аймағымыздың әр өңірінен жиналған Әлижан Болатбек, Аңсаған Ділдабекқызы, Әлішер Мырзағалиев, Малика Алдамжарова, Фариза Хасенова, Шұғыла Мархабатова және басқа да жас жыршытермешілер ақынның шығармаларын, жыр-термелерін нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тағылымы мол болып өткен өнер фестивалінің қорытындысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жас жыршы-термешілерге аталық ақ батасын беріп, ыстық ықыласын арнады және арнайы сый-сияпаттар тапсырды.
Нұрбай Жанәділов
22 тамыз 2023 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930