» » » Қарасаздан шыққан қара нар

Қарасаздан шыққан қара нар

qarmaqshy-tany.kz ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 9 АҚПАН ТУҒАН КҮНІ. ЖЫЛ САЙЫН ОНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ӘДЕБИЕТ, ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ ОРТАСЫНДА МЕРЕКЕЛЕНІП, ТҮРЛІ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ. МҰНДАЙ ІС-ШАРА АУДАНДА ДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, МҰЗБАЛАҚ АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТАҒЫ БІР ЖАҢҒЫРДЫ.
Бейсенбіде К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде өткен "Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты кешке қатысқан бір топ қауым кереметтей рухани кештің куәсі болды. Оған ардагерлер, кент тұрғындары және жастар белсенділікпен қатысты.
Поэзия кеші елімізге белгілі айтыскер ақын, жыраулар үйі директорының орынбасары Сырым Әділбеков пен аудандық тілдер орталығының қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Гүлжанат Дүзенова арнау жырмен ашып, сахна шымылдығын түрді.
Поэзия мэтрінің өмірі сырлы да мұңды әлем. Қырық бес жылдық ғұмырында қалам құдіретімен өшпес мұра қалдырған оның шығармашылығы өміршеңдігімен құнды да бағалы. Қайсыбір өлеңі де өмірмен астасып, қыздың қос бұрымындай өріліп, жүректен шыққан жырлары жүрекке сел болып құйылып жатады. Жалғаншылықтан ада, шындықты, ақиқатты жалау еткен дарын иесінің жазушылық қырының сыры да осында жатқан болса керек. Бұл сөзімізді бекерге айтпадық. Шығармашылық кеште көрермен болып қатысқан кент тұрғындары сахна төріне көтеріліп, бірінен соң бірі жарыса ақын жырларын жатқа мәнерлеп оқып бергендері – осындай ойға еріксіз жетелейді. Атап айтсақ, байланыс саласының ардагері Құдабай Іскендіров, еңбек ардагері Аманжол Пірімжаров, жастар жағынан Нұрсұлтан Шамғұнов, Әсел Жайшылықова, Айман Тәжімұқандардың залдан суырыла шығып, Мұқаңның өлеңдерін нәшіне келтіре орындаулары ақын рухына деген құрметтей көрінді.
Іс-шарада жас ақындар блогының, мәдениет саласының білікті маманы Мадияр Махамбетовтың, аудан өнерпаздары, жыршы-термешілер Әлішер Мырзағалиев пен Руслан Өтегеновтің және басқаларының ақын сөзіне жазылған әндері мен өлеңдері орындалып, ғажайып сезімге бөледі.
Кешті ардагер-ұстаз, білім саласының озық қызметкері Райкүл Қаратаева қорытындылап, кешті ұйымдастырушыларға алғаусыз алғысын білдірді.
Мұқағали жырлары оқырманы барда уақыт көші алға жылжыған сайын Хантәңірі секілді еңселеніп, биіктей береді. Себебі Мұқағалиын жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді, жырларын жатқа айтады.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
11 ақпан 2023 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031