» » » Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

qarmaqshy-tany.kz Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.

Сәрсенбіде Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Кеште аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сақтапберген Медеуов сөз сөйлеп, лебізін бірдірді.
– Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең басты мереке. Бұл күнді ата-бабамыз ұзақ уақыт күтті. Осы мереке аясында ауданымыздағы өнер мектебі өзінің шашуын көрерменге ұсынғалы отыр. Сыр елі – жыр елі деген атпен көпшілікке танымал. Мұнда көптеген өнер саңлақтары әлі де шығуда. Кейінгі өсіп келе жатқан талантты жас толқындардың өнері биіктен көрінуіне тілектеспін. Әрдайым көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп жүре беріңіздер, – деді ол.
Атаулы іс-шара Тәуелсіздіктің құндылығын, қазақстандықтардың бүгінгі күнге дейін жүріп өткен тарихи жолын тағы да еске салды. Мерекелік кеш көрермендердің патриоттық рухын, танымал тұлғалардың шығармашылығына деген қызығушылығын оятты. Сондай-ақ өнер мектебінің оқушылары домбыра, баян, үрмелі аспап және фортепианода шығармалар орындап көпшілікті тәнті етті. Одан бөлек баян класының оқушысы Айдана Нұрмаханова түрік әні «Кебелекті» орындаса, фортепиано класының оқушысы Анита Чен корей ұлтының әні «Корейская Fate» әнін тамылжыта салды.
Кеш соңында Тұрымбет жырау атындағы ұлттық аспаптар оркестрі Әлшекейдің күйі «Терісқақпай» мен Карл Дженкинстің шығармасынан «Палладионы» орындап, сахна шымылдығын жапты.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
24 желтоқсан 2022 ж. 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930