» » » Назым сөздің шебері

Назым сөздің шебері

qarmaqshy-tany.kz Суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанған Тұрмағамбет Ізтілеуовтың туғанына - 140 жыл. Осыған орай Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Назым сөздің шебері» тақырыбында іс-шара болып өтті. Парасатты тұлға, даңқты шайырдың өмірі мен шығармашылығына арналған шараға К.Рүстембеков атындағы аудандық Жыраулар үйінің директоры Ешбаева Айгерім Бостанқызы және музей қызметкерлері қатысты. Жыраулар үйінің «Көшеней жырау» және «Базар жырау» үйірмелерінің оқушылары тау тұлға Тұрмағамбет атамыздың жыр – термелерін орындады. Сонымен қатар «Тал жібектей таза сөздің тарланы» тақырыбында көрме қойылды. Аталмыш шара барысында музей қызметкерлері қонақтарға келте ғұмыр кешіп, әділетсіздік әуресінен көз ашпаған, қасіретті өмір шежіресімен елдің есінде қалған сыр саңлағының өмір дерегі, шығармашылығы жайында мәліметтер беріп, көрмемен таныстырды.
24 желтоқсан 2022 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728