» » » «Өнер шамшырағы»

«Өнер шамшырағы»

qarmaqshy-tany.kz 2022 жыл Балалар жылына орай Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балалар қатысатын үйірме жұмыстарын жандандыру, ауыл өнерпаздары бойындағы рухани құндылықтарды, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, үйірме жұмыстарын жандандыру бағытында атқарылған жұмыстарды сараптау және үйірме мүшелері арасында үздік өнерпаз және үздік үйірме жетекшілерін анықтау мақсатында өткізілетін «Өнер шамшырағы» атты балалар үйірмелері арасындағы аудандық өнер байқауының іріктеу туры 22-30 қараша аралығында 14 ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде өткізіліп, қазылар алқасының шешімімен 65 өнерпаз, оның ішінде 7 би тобы ақтық сынға жолдама алған болатын. 15 желтоқсан күні Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аталмыш байқаудың ақтық сыны өткізілді.
Байқау эстрадалық вокал жанры, халықтық орындау жанры, хореография жанры және драма, көркемсөз жанрлары 10-13 жас аралығы және 13-16 жас аралығында өткізілді. Байқауға халықтық орындау жанры бойынша Ш.Төлепова атындағы аудандық үйі директоры, жырау Арнұр Кошенеев, эстрадалық вокал жанры бойынша Мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Бағатов Мұхаммедқали, драма және көркемсөз оқу жанры бойынша Халық театрының режиссері Махамбетов Мадияр, хореография жанры бойынша аудандық мәдениет үйінің хореографы Сәтбергенова Жазира қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен «Үздік өнерпаз 2022» номинациясымен 10-13 жас аралығында эстрадалық вокал жанры бойынша ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінің өнерпазы Нұрмаханова Айдана, халықтық орындау жанры бойынша Ақай ауылдық клуб үйі жанынан құрылған «Домбыра дастан» ансамблі, Ақжар ауылдық клуб үйі жанынан құрылған «Жыр жаухары» тобы, хореография жанры бойынша Төретам кенттік клуб үйі жанынан құрылған «Айназым» би тобы, драма жанры бойынша Ақжар ауылдық клуб үйі жанынан құрылған драма үйірмесі, көркемсөз оқу жанры бойынша ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінің өнерпазы Сайлаубек Арман иеленсе,
13 - 16 жас аралығында «Үздік өнерпаз 2022» номинациясымен эстрадалық вокал жанры бойынша Ақтөбе ауылдық клуб үйінің өнерпазы Үсенбекұлы Нұрқуат, халықтық орындау жанры бойынша Тұрмағамбет ауылдық клуб үйі «Тұмарым» тобы, Төретам кенттік клуб үйінің Нұрғазиев Аян, хореография жанры бойынша Ақай ауылдық клуб үйі жанынан құрылған «Еркесылқым» би тобы, драма жанры бойынша Төретам кенттік клуб үйі жанынан құрылған актерлік шеберлік үйірмесі, Төретам кенттік клуб үйінің өнерпазы Телжанова Аяулым марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
16 желтоқсан 2022 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930