» » » Сүлейлер салған ізбенен...

Сүлейлер салған ізбенен...

Ерден мен Қосжан сойырғас,
Орынсыз жерге бой ұрмас.
Алқалап атты қойғанда,
Асуда болса тайынбас
(Ә.Жұматаев)
Бүгін Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен
Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпағы Қосжан жыраудың бел баласы Сыр өңіріндегі жоғалып бара жатқан дәстүрлі жыраулық өнердің насихаттаушысы, жырау – Қасарбек Қосжанұлының 60 жылдық мерейтойы облыстық деңгейде аталып өтті.
Мерейтой иесіне арналған арнау жырмен ақын Сырым Әділбеков кеш шымылдығын ашты. Аудан әкімінің құттықтау хатын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержанов Даурен Дауылбекұлы табыстап, Қасарбек Кәрібаевтың иығына бөрікті шапан жапты. Ел ағалары Бидас Үрістембеков пен Қуантай, Шаймерденов Зал құттықтау лебіздерін білдірді. Жыр кешінің жүргізілу тізгіні ақын-жыршы Марат Сүгірбайға табысталып, Нартай жыр мектебінің өкілі Ақмарал Ноғайбаева, ақын-жыршы Әділхан Қуаңбаев, Қосжан жыраудың қызы Зәуре Кәрібаевалар жырдан шашу шашты.
«Тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы, қас жыраулардан қалған көз» деп баға берген, бүгінге 3 ұлынмен 3 ұлысты елдің басында жүрген, жарына жайсаң отағасы болып, немерелеріне қамқор ата бола білген Қасарбек Кәрібаев ағамызды қаншалықты, қандай деңгейде ұлықтасақ та лайықты.

14 қазан 2022 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031