» » » Сезімді баураған саксафон үні

Сезімді баураған саксафон үні

Қармақшы топырағы талай таланттарды түлеткен, ұл-қызы ұлағатын жыр еткен қасиетті топырақ, тұғырлы мекен. Өміршең өнерді жанына серік етіп, ел есінде жарқын істерімен, өнегелі өнерімен қалатын, уақыт өткен сайын биіктей беретін тұлғалар осы өлкеде өте көп.
Осы ретте, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті елдің тума таланты, облысымыздың өнер саласына ерекше еңбегі сіңген Абдулла Мырзабековты еске алуға арналған «Өнер – өмір- шең» атты үрмелі аспапта орындаушылардың облыстық конкурсы өтті.
Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, Абдулла Ерділдаұлының өмірі мен шығармашылығынан алғы сөз айтып, байқауға келген жас қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.
Мазмұнды конкурстың мақсаты – музыка саласындағы дарынды және талантты кәсіби музыка мамандарының шығармашылығына ықпал ету, олардың ары қарай дамуы мен шыңдалуына жол ашу, киелі өнеріміздің дамуында өзіндік ізі бар талант иесі Абдулла Ерділдаұлын дәріптеу арқылы өнер әлемінің биігіне қанат қаққан жас таланттардың орындаушылық шеберліктерін арттыру.
Мәдени конкурста бағы мен бабын сынай келген қатысушы талапкерлер өнер көрсетіп, кеш көркін қыздырды. Сондай-ақ, талантымен тәнті етіп, орындаушылық шеберлігімен топ жарған жас өнерпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
«ҚТ» ақпарат
28 қыркүйек 2022 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930