» » » Ә.Қастеев музейінде виртуалды көрме ашылды

Ә.Қастеев музейінде виртуалды көрме ашылды

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жеңістің 76 жылдығына орай виртуалды көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz


Екінші дүниежүзілік соғысының 76 жылдығына арналған виртуалды көрмеге қазақстандық және кеңестік суретшілердің соғыс тақырыбындағы таңдаулы туындылары қойылды.
Көрмеде өздерінің әскери міндетін адал өтеп, ұрыста көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін медаль және ордендермен марапатталған, көпшілігі жарақат алған суретшілердің еңбектері бар.
«Олардың үлесіне тиген соғыстың сұрапыл күндері мен қиын-қыстау жағдайларды баяндайтын соғыс тақырыбы бейбіт өмірге араласқаннан кейін ұзақ уақыт бойы олардың шығармашылығынан орын алды. Олар көргендері мен басынан кешкендерін қағазға түсіруді болашақ ұрпақ алдындағы борышы деп санады. Дегенмен де, соғыс олардың туған өлкесінің табиғаты мен бейбіт өмірдің сұлулығына деген құштарлықтарын арттыра берді», дейді көрменің кураторы Еркежан Омарова.
Оның айтуынша, соғыс жылдарындағы көркем әлемде графика өнеріне ерекше орын берілді. Үгіт-насихат пен патриоттық плакаттар, көмірмен немесе қарындашпен салынған суреттер халыққа дем беретін, шабыттандыратын және жанашыр болған барлық азаматтардың, әскерилердің бет-әлпетін, жауынгерлік көріністерге жылдам жауап қайтаруға және суреттеуге мүмкіндік берді. О. Васильев «ҰОС күндері» (1957), А. Алексеевтің «Мәскеу 1941» топтамасының графикалық парақтары, Р. Гореловтың «Кремль шабуылы» (1957), В. Линкор Бибиковтың Оңтүстік айлақтағы «Севастополь» (1947) ауыр соғыс шайқастары бейнеленген.
Сонымен қатар, виртуалды көрмеден суретші, жазушысы, кескіндемеші М.Хитахунованың «Дала лагері, «Майданға нан», «Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганскийдің портретін» көруге болады.
«Виртуалды көрмеде, оның ішінде Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ шетел өнері қорынан туындылар, Балтық жағалауы, Беларусь, Украина, Орта Азия, Ресей – Кеңес республикаларының кескіндеме және графика шығармалары да ұсынылған. Қиын кезеңдегі оқиғалардың шежіресі, бүгінде кинематографияда, фотоматериалдарда және соғыс батырларының портреттерін мәңгілікке қалдырған суретшілердің туындыларында, шығарма авторын алаңдатқан сезімдер мен ойлар сол қиын кезеңнің деректі куәгері болып қалады. Көрмені музейдің Youtube каналынан және әлеуметтік парақшадан көруге болады», деп қосты Еркежан Омарова.

10 мамыр 2021 ж. 1 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031